Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Алыс сапарға шыққан адам ораза тұтпауына бола ма?

Алыс сапарға шыққан адам ораза тұтпауына бола ма?

Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының басталуына 19 күн қалды. Бұл айдың төресінде жолға шыққан жолаушылардың ораза тұтпауына бола ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Жаратушы иеміз ораза кезінде пенделеріне кейбір жағдайда ораза ұстамауға рұқсат еткен. Соның бірі - егер адам алыс сапарға шығатын болса, сол кезде ораза ұстау міндет болып есептелмейді.

«Алыс жолға (шамамен 90 шақырым) шыққан жолаушыға рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат етіледі. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін», деп жазылған Мүфтияттың жауабында.

Дегенмен, егер кімде кімнің ораза ұстауға қауқары жетсе, аузын ашқаннан гөрі оразасын жалғастыра бергені абзал.

Осы тұрғыда тағы бір ескеретін жайт, таң намазы уақыты кіргеннен кейін жолға шыққан адам сол күнгі оразасын бұзбай, соңына дейін ұстауы тиіс. Себебі, Алла тағала: «Ізгі істеріңді зая кетіріп жүрмеңдер» деп бұйырған.

Сурет: ашық дереккөз 
21 ақпан 2024 ж. 1 158 0