Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Баба рухына тағзым жасалды

Баба рухына тағзым жасалды

Ұлы бабамыз Әйтеке биді ұлықтауда еліміз Тәуелсіздік алғаннан бастап перзенттік парыздарын адал атқарып, бабаның жатқан жерін анықтауда, Ұлы бабасы Сейітқұл әулиенің аяқ жағында жерленген деп болжанған қабырына қазба жұмыстарын жүргізіп, бас сүйегін Гарасимов лабороториясына жіберіп, антропологиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, бабаның туған жылын, дүниеден өткен жылын анықтап, Қазақстан тарихында Әйтеке бабамыз бұған дейін айтылып та, жазылып та келгендей Төле би, Қазыбек би бабаларымыздан кіші емес, екеуінен де үлкен екендігі ғылыми дәлелденді. Бас сүйегін зерттеу нәтижесінде 56 жасында дүниеден өткен Әйтеке бабамыздың нағыз, шынайы суреті жарияланды. Өзбекстан мемлекетімен жүргізілген толассыз келісімдердің нәтижесінде басына кесене орнату және басқа да кешенді құрылыстар жүргізу үшін осы күнгі қоршалған жер сатып алынып заңдастырылды. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде бабасына кесене тұрғызу үшін арнайы қор құрылып, бүкіл қазақтың қолдауының және қазақтың атпал азаматтарының сүбелі үлес қосуының нәтижесінде, дүниеден өткеніне 309 жыл өткеннен кейін 2009 жылы 31 шілдеде Әйтеке бабамыздың туғанына 365 жылдығы қарсаңында Сейітқұл әулие Әйтеке би кесенесі салынып, Әбіш Кекілбаев ағамыз бастаған зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен баба басына алғаш рет шырақ жағылған күн тарихта қалды.
Содан бері 15 жыл бойы Әйтеке бабамыздың туған күнін мамыр айында жыл сайын атап өту дәстүрге айналып, бұл жұмыстардың ауқымы кеңейіп келеді. Осы жұмыстардың атқарылуына атсалысқан барлық ағайынды, қазақтың кәсіпкер азаматтарын, зиялы қауымын, дүниеден өткен өз үлестерін қосқан туыстардың ұрпақтарын бабамыздың әруағы үнемі қолдап, қорғап жүргей. Әйтеке бабаның өзі 56 жасында дүниеден өткенше армандаған қазақ елінің бірлігі, тәуелсіздігі нығайып, көркейе берсін.
Былтыр Әйтеке бабамыздың 379 жылдығын атап өтуге атсалысқан, ақтаулық, ақтөбелік және басқа ағайындардың қатысуымен Нұрата ауданымен Новой облысының әкімдігімен келісілген шараның биыл бабамыздың 380 жылдығы халықаралық дәрежеде өтуіне үлкен үлес қосқан Новой облысының әкімдігіне бүкіл қазақ халқы ризашылықпен алғысын білдіруде. Өзбекстанның берекелі жерінде екі халық арасында алтын көпір болып жатқан қазақтың үш алып тұлғасының Жалаңтөс Баһадүрдің, Төле би бабамыздың, Әйтеке бабамыздың әруақтары екі елдің халқын, түркі тілдес халықтарды қолдағай!
Нажмадин МҰСАБАЕВ,
республикалық "Жалаңтөс Баһадүр" қорының президенті
25 маусым 2024 ж. 619 0