Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Биліктің төртінші өкілі

Биліктің төртінші өкілі

Мың құбылып жатқанымен мына күн,Өзгермейтін дүние бар, шығарым.
Ешкім жоққа шығармайды халықтың,
Көзін, тілін және елдің құлағын.

Расы солай ақиқатты сөз еттім,
Өміршеңдік өрнегі бар өзекті.
Ақиқаттың аңғарасың ақ туын,
Сарғыш тартқан беттерінен газеттің.

Алты Алаштың арда тұтқан асылын,
Білмес те едік, қалар ма еді жасырын.
Сан ұрпаққа сабақ етіп жеткізген,
Біле білсең өлмейтін сол басылым.

Содан болар, еңбегін көп елеген,
Елегенін ұғынамыз көнеден.
Биліктің бұл өкілі деп төртінші,
Журналистті жолбарысқа теңеген.

Жалғандықты жақтырмайтын жасанды,
Журналистің қаламынан жас ауды.
Алтын артып, жантақ жеген бұл қауым,
Жантақты жұқ ете берсін қашанғы.

Тарих етіп қанша жылды, неше айды,
Қаламымен БАҚ бетінде қашайды.
Қоғам аман тұрған шақта қоғаммен,
Журналистер мәңгі бірге жасайды.

Оңталап ЖОЛДАСОВ


29 маусым 2024 ж. 393 0