Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан орталығында – аудан айнасы

Аудан орталығында – аудан айнасы

Биыл «Толқын» газетіне 90 және «Сыр медиа» құрылымына 10 жыл толады. Бұқара мен биліктің арасына алтын көпір салған аудандық басылым қай кезде де қоғам үшін маңызды. Бұл сөзімізге аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың «Толқынға» деген ерекше көзқарасы дәлел.Жыл басында «Толқынның» 90 жылдығы туралы айтқанымызда, аудан басшысы халықтың үніне айналған газеттің мерейтойы қарсаңында қаланың көрнекі тұсынан билборд орнату жөнінде тапсырма берген еді. Міне, сол шаруа іс жүзінде жүзеге асып (суреттегідей), насихат құралы Абай даңғылының бойына қойылды.
Бұқаралық ақпарат құралына деген қамқорлығы үшін атқарушы билікке шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Редакцияалқасы
07 сәуір 2020 ж. 881 0