Мерейін үстем еткен марапат

Кітапханашының басты миссиясы жаңалыққа құмарлықтан басталады дегендей, білім, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, кітапхана оқырмандарының тұлға болып, қалыптасуының негізін қалауда. Әрбір оқырманды кітап оқуға баули отырып, кітапхананың танымалдығын, мәртебесі мен маңызын арттыруға бағытталған түрлі жаңа форматтағы имидждік іс-шараларды басшылыққа алып, жұмыс жасауда.
Осы турады айта кетуіміз керек, ол қандай жұмыс болса да өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында, заман талабына сай әдебиеттерді насихаттап, оқырмандарға жан-жақты тәрбие беруде түрлі ақпараттар ағымына жол сілтеуші әмбебеп кітапханашысы екенін, өзінің жаңашыл істерімен дәлелдеп келеді. Ол қызмет атқаратын қалалық балалар кітапханасында, әр баланың өз қызығушылықтарымен бөлісетін достар таба алатын, жас кітапқұмарлар үшін «Библиоша» балалар кітап оқу үйірмесі мен отбасында ертегілерді оқу және айту дәстүрлерін жандандыруға, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу мақсатына негізделген «Әжемнің ертегісі» жобасы, кітап оқылымын жоғарылату мен кітап қорының айналымын жақсартуға құрылған «Кітап оқырман іздейді», «Жаз кітаппен көңілді» жоба жұмыстары бар. Сондай-ақ «Бір ел – бір кітап» акциясы жұмыстары жүйелі жалғасын тауып келеді. Атаулы жұмыстар аясында «Отбасылық оқу – дәстүрді жаңғырту және нығайту» әдеби форум, «Сүйікті кітабыңыздың жалғасын ойлап жаз» акция байқауы, «Әжемнен бірге ертегі оқимын» бақытты оқу минуты, «Жазыңды кітап жылытсын» жазғы оқу чемпионаты, «Берен талант Бердібек» библиофестиваль тағы басқа да тың жұмыстар оқырмандардың кітап оқу мәдениетінің қалыптасуына жол ашып отыр.
Кітапханада «Coworking» орталығы, «Креативті оқырман алаңы» жұмыс жасайды. Кітапхананың қолжетімділігін арттыратын, электронды кітаптардың QR код таныстырылымы өткізіліп тұрады. Кітапханаға қарасты аймақта орналасқан мектеп, балабақша мекемелерінде, көшпелі электронды кітап көрмелері ұйымдастырылып, мұндай заманауи көрмелер оқырманның кез келген уақытта кітапхана жаңалықтарымен таныса алуына қызмет көрсетіп отыр. Бұл дегенміз, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайта түсетін алтын көпір.
Жалпы алғанда кітапхана – рухани әлемге апаратын жол. Әр оқырманының өз жолын табуына жолбасшы болып, сол әлемде оқырманының рухани байлық азығына тәнті етіп, саналы да білімді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік сыйлап жүргендігінің өзі оның өз ісінің майталманы екендігінің дәлелі. Мейрамкүл апайды бұған дейінде мерейін үстем еткен «Халық құрметі», «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгілерінің қатарына қосылған «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне әбден лайық санаймыз. Кітапхана ісінің ілгерілуіне қосып келе жатқан еңбегіңіз толағайлы табысты болсын дегіміз келеді.
Айгүл Мергенбаева,
қалалық №1 кітапхана меңгерушісі