Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ АЗАМАТ

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ АЗАМАТ

Бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман. Нағыз еңбек адамы бұл істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат
Қ.К.Тоқаев
Тәуелсіздігіміздің таңы атқан күннен бастап-ақ әр саланың мерекелік күндері аталып келеді. Бұл игі шаралардан біздің ауданымыз да қалыс қалған емес. Жақында аудандық мәдениет үйінде Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Сол жиында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жүргізіліп жатқан игілікті істерді қортындылай келе, туған жердің өсіп, өркендеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген азамарттарды марапаттап, көңіліміз көтеріңкі күйде қайтқанбыз. Сол шарада барша жұртқа танымал 90 жастың төріне қадам басқан, кісілік пен кішілікті, парасат пен шапағатты ерек құрыш қолды құрлысшы, ҚР-ның «құрметті құрлысшысы» төс белгісінің иегері Егізбай Үсенбайұлы Көлдеевке ауданның ең жоғарғы марапаты «Арал ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.Егізбай Үсенбайұлы Арал ауданы, Жақсықылыш ауылдық кеңесіне қарасты "Шабаққырған" елді мекенінді 1938 жылы 12-ші ақпанда дүниеге келген. Әкесі Үсенбай Көлдейұлы жақсы адам қартайса, көкірегі толған хат болар демекші зерделі, айтары бар ақсақал болған. Анасы Шілманқызы Дәріш үй шауасымен қатар бес перзентін дүниеге әкелген ошағы оттан тұспеген қонақжайлы алтын құрсақты ана болғанын білеміз.
Егізбай Үсенбайұлы 1958 жылы қаладағы Т.Г.Шевченко атындағы № 13 мектептің оныншы класын бітіріп шығады. 1958-1961 жылдар аралығында әскери қатарына шақырылып, Новосибмрск қаласында қатардағы жауынгер және сержант қызметін абыройлы атқарған. 1961 ж Москва қаласындағы Еңбек қызыл ту орденді В.В.Куйбышев атындағы инженерлік-құрлыс инстмтутының өндірістік-азаматтық факультетіне түсіп 1966 жылы құрлыс инженері мамандығын алып шықты. Институттың жолдамасымен Павлодар қаласындағы индустралдды институтта оқытушылылық қызметке жіберді. Осы институтта темір-бетон кафедрасында ұстаздық етіп, талай студенттерді жақсы маман болып шығуына білім нәрін еккен. Отбасылық жағдайға байланысты 1969 жылы туған елге оралып, Арал ауданының Қарақұм совхозына бөлімінің басқарушысы болып орналасты. Бұл қызметте 1975 жылдың етіп, сол 1975-1980 жылдар аралығында Қызылорда облысындағы автожол құрлысы 7 тресіне қарасты Арал қаласындағы №34 автожол құрлысы басқармасына бас инженер болып қызмет атқарды 1980 жылы Қазақстан Министрлер кеңесінің қаулысымен Арал қаласында үлкен зауыт салынатын болып, (завод бурового, насосно силового, компрессорного оборудование) Қазақ ССР-нің су шаруашылығы Министрлігіне қарасты «Казглавстрой» мекемесі Арал қаласынан №13 жылжымалы механикаландырылған колонаны ашып, осы үлкен құрлысқа мамандарды іріктеп, аудан басшылығы осы мекемеге бас инженер етіп тағайындаған. 1982 жылы Қызылорда қаласындағы "Монтажспецстрой-31" кейін «Кызылорда мелиорация» Арал қаласына жер асты тұщы суын тарту үшін Арал-Сарбұлақ СПМК-112 бөлімшесіне басқаушы қызметіне тағайындап, сол тұщы суды 1986 жылы қыркүйек айында Арал қаласындағы су қоймасына қосылған екен. 1988 жылы Москваның Минэлектротех-прибор КСРО Министрлігіне қарасты шаңсорғыш машинасының моторын шығаратын зауыт. Арал қаласынан ашылып, сол зауытқа күрделі құрлыс бөлімінің бастығы қызметін 1992 жылға дейін атқарған 1992-1996 жылдар аралығында "Кызылордастрой" тресіне қарасты ЖМК-да аға прораб болып қызмет атқарды. «Бейнет пен зейнет» қатар жүреді демекші 1995 жылы зейнеткерлікке шықты. Зейнеткерлікке шығып пештің қуысында қалған жоқ, білікті, тәжірибесі мол Егізбай Көлдеев 1996-1998 жылдар аралығында «Арна» мекемесінің №13 ЖМК-да бөлімше бастығы болып қызмет атқарды. Мұнда Американың «Юсайд» қоры есебінен Қосаманда 33 скважинаның үстіне үйшік салынып, су айдайтын насос стансиясындағы насостарды, электор трансформаторларды толық Америкалық техникалық құралдармен алмастырылған 2000-2007 жылдары Қызылорда қаласындағы «Шырақ» ЖШС мекемесінде бөлімше бастығы, Арал ауданы көлеміндегі «Төбебұлақта» та мұнай бұрғылау мекемесінде, Көқаралдағы Ақлақ гидроузел «Зарубеж водстрой» мекемесінде және Құмкөлдегі "Соутсойл" мекемесінде жол құрлысын жүргізсе, 2010-2012 жылдары Арал қаласы жанынан өтетін Батыс Европа – Батыс Қытай автобанын «ДМСУ-22 АБ» мекемесінде жол шебері, 2012-2015 жылдары авто жол салу жұмысымен айналысқан «Набат – 20001» ЖСШ мекмесінің өндірістік-техникалық бөлімінің инженері болып қызмет атқарған. Егізбай ағаның қаншама атқарған қыруар жұмыстарының бірін өзі айтса:
– 1972 жылы Қарақұм совхоз директоры Бижанов Байжанның тапсырмасы бойынша совхоз орталығынан самолет қонатын алаң салатын болдық. Алаңның ұзындығы 500 метр ені 30 метр болатын алаңның проектісін (жобасын) сметасын өзім жасаған құжаттарымды облыстағы проектный инстиуттарға апарып көрсеткенімде барлығы дұрыс деп мөр табанын басып берді. Алаңды салуды Аралдағы ДСУ-34 мекемесімен келісім шартқа отырғанбыз. Дегенмен олар көп уақытқа дейін жұмысты бастаған жоқ. Сол мекемеге 1975 жылы бас инженер болып келгеннен кейін өзім қолға  алып, 1977 жылы бітіріп іске қостық. Сөйтіп самолет ұшып қонатын алаң бітіріп халықтың алғысын алғанбыз. Тағы да біреу ағынан жарылғаннан-ақ бақытты болып туылады – дейді. Екіншісі – адамның бақытты болмағы Алланың пешенесіне жазған жазуына байланысты дегенге иланады. Үшіншісі – бақыт әр адамның жұлдызының әсерімен келетін құбылыс дегенге малданады. Алайда сан ғасырлық адамзат өміріне салауатты түрде көз салған адам бақыт аспаннан түспейтінін, жерден шықпайтынын, ешкім қалтаңа салып бермейтінін түсінуге тиіс. Ол тек тынымсыз еңбекпен ізденумен келетіні айқын. Мен де осындай тынымсыз еңбегім мен ізденістің арқасыда жетістікке жеткенімді өзімді бақыттымын деп санаймын деп ағынан жарылғаны бар.
Мал мен бала дүние тіршілігіктің сәні, ал мәңгі қалатын салиқалы істері десек, онда Егізбай ағаның жоғарыда аталып өткен еліне жасаған салиқалы істері ескерусіз қалған жоқ. ҚР-ның «Құрметті құрлысшысы» төс белгісі, «Еңбек ардагері», «Тыл ардагері», Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығы медальдары омырауында жарқырауда. Қызылорда облыстық құрлыс, сәулет және қала құрлысы басқарма басшысының Алғыс хаты, Аудан әкімдерінің құрмет грамоталарымен қоса басқа сала басшыларынан алған марапаттар жетерлік. Бұл марапаттардың барлығы аттай 50 жыл төккен маңдай тердің қайтарымы іспетті.
Егізбай аға жар таңдаудан да маңдайлы болды. Ол 1969 жылы қырдың ару қызы Күлмараш Торғайқызымен бас қосты. "Бақытты шаңырақ дегеніміз – жалтыраған сәнді сарай емес, жан-жарының, жақын-жоралары мен сүйікті балаларының күлкісі, ырысы мен ынтымағы» демекші Күлмараш отбасының ырысы мен ынтымағын жарастырған, отбасын жұмаққа айналдырған, ширек ғасыр саналы ғұмырынн шәкірттеріне білім нәріне сусындатқан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің білгірі, ҚР-ның білім беру саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған үлкен жүректі ұстаз болғанын ұзақ жылдар ұстаздық жолымыз бірге болған соң айтамын.
Қазақта "бұлақ пен бұлақ  қосылса егізбіз, көл мен көл қосылса теңізбіз" дегендей, менің ұлым Нұрлан мен Егізбайқызы Гүлсімен жарасып отау құрып, құдалығымыздың алтын көпірі бұзылмай, Нұрболат пен Нұржанат сынды ортақ немерелі болдық. Бұларда жоғары білім алып, Нұрболатым Индира Әлиқызына, Нұржанатым Еркін Ыдырысұлымен отау құрып Нарұл Қуанышбай, Айзере, Сезім атты шөберелеріміздің шат күлкісіне кенелудеміз.
Танымал өнер иесі А.Байтоқанова «Менің өнерім – қазақтың құда қоржыны сияқты, ашқан сайын ішінен інжу де, маржан да, түрлі-түсті мата да, бәрі шығады. Ал бұл өз ұлтының барын көрсетудің таптырмас жолы» деген екен. Сол сияқты Күлмараштың бір бойынан суырып салма ақындығы, қазақтың киелі қара домбырасы қолына тисе болды, бой шымырлататын күй тартатындығы, әсем ән де, тәрбиелік мәні зор бесік жыры да, қазақы салт-дәстүр, салт-сана, ақын-жазушылар мен ғұламалардың ұлағатты сөздері де табылатынды. Бұл ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтарымызға дәріптеудің таптырмас жолы екені белгілі. «Бірде бал, бірде у беріп өтеді өмір, бақты да, қайғыны да көтере біл» демекші 2020 жылы Күлмараш Торғайқызы ауыр науқастан дүниеден өтті. Бұл қаза Егізбай ағаға ауыр соққы болғаны белгілі. Жастайынан қол ұстасып, өмір баспалдағын аттаған, адалдықтың бұлағын лайламаған адал жарынан, бауыр еттен жаралған балаларына бізге жора-жолдастарына әріптестеріне ауыр қаза болды. Алланың үкіміне не шара.
Кездескенде қуанамыз бәріміз,
Қоштасарда қиналады жанымыз.
Кездесу мен қоштасудың арасын,
Жалғастырып тұрады екен сағыныш – деп ақындарымыз жырлағандай Күлмараштай адал жүректі әріптесімді қуанышымыз бен қайғымызға ортақ болған құдағиымды сарқылмайтын сағынышпен мәңгі есіме сақтап келемін.
Осы екі қайнардан қанып ішіп, мейірге шөлдемей өскен жеті перзенттері тәуелсіз еліміздің түпкір-түпкірінде бір-бір шаңырақтың иесі болып жүрген жайсаң жандар екенін жақсы білген соң айтамын.
Әр бұлақтың қайнар көзі, әр жердің өз төбесі, әр елдің өз ағасы, әр үйдің өз төрі бар. Әр әулеттің қиналғанда сүйенетін, таяныш болатын тау сияқты тұлғасы, көл сияқты терең, дала сияқты дарқан арқа сүйер тірегі болады. Ондай адамды «сол әулеттің бәйтерегі» деп атайды. Осындай сөз құдіреті Егізбай ағаға қаратып айтылған десе болады. Өйткені Егізбай ағадай бәйтеректің саясы тек өзінің отбасына емес, ағайын-туғанына, көршісіне ауылына, жора-жолдастарына да ортақ екенін айта келіп, Егізбай ағаның отбасына амандық өзіне зор денсаулық тілей отырып, кісілік пен кішілікті, парасат пен шапағатты және әдемі қартаюдың үлгісін кейінгі ұрпақтарға еге беріңіз деген тілегімді жеткізгім келеді.
Аманжол Жолмағамбетов,
КСРО және ҚР-ның халық ағарту ісінің озық қызметкері
26 қараша 2024 ж. 82 0