Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бұйырмаған махаббат

Бұйырмаған махаббат

"Мен сені  жақсы көремін. Әрдайым жүрегім мен санамнан сенің есіміңді өшірмеймін...Мені кешір..."  Осы хат Асқар үшін ең ауыр кезең әкелген жағдай болды. "Мені неге тастап кетті? Менің қай қылығым оны ренжітті?" деп жанын жегідей жеген сұрақтар ойын мазалай берді.
   Қиын да болса өте шыққан бес жыл. Асқар Аяулымды іздемеген жер қалмады. Аурухана, полиция бөлімшесі, тіпті қыздың ауылына да жиі баруды әдетке айналдырды. Бірақ таба алар емес. Сезіммен арпалысқан уақытында барлығына да үлгеріп келеді. Мансабында шағын болса да ауыл әкімі атағы, бірнеше бизнесі бар. Тек махаббат жетіспеді. Қыздар көрді, кездесті, сөйлесті... Бірақ ешбірі Аяулымға тең келмеді не аса алмады.
   Таңертең оянған соң күнделікті әдетінше Асқар әлеуметтік желіге бас сұғып, жаңалық ағынымен таныспақ болды. Негізгі бетке көз жүгіртіп үлгермей, хат келгенін байқады. Айдар... таныс есім. таныс жігіт. Екеуі бір мамандықта оқыды. Студенттік шақта екеуі жақсы дос болып араласқан. Кейін Айдар ата-анасымен шет елге көшіп кеткен. Содан еш хабарсыз қалған еді. "Досым как ты? Алматыға приехал. Может кездесерміз?" деп орысша сөз аралас хат қалдырыпты. Асқар дереу нөмірін теріп,  хабарласа бастады. Кешке алтыда мейрамханада жолығатын болып келісті.
...Екі дос бірін-бірі сағынған.  Әңгімелері таусылар емес. Айдар сол баяғы әкесінің бизнесін жалғастыруда. Әдеттегі қыз-қырғынға қырындау қалмаған. Асқардың әлі күнге сүйіктісі жоқ екеніне таңдануда. Жасы жиырма жетіге келіп махаббат жолында ғашығы жоқ екеніне сенбеді.
– Асқар мен саған қыз дегенді өзім тауып беремін. Не көп? Әрине қыз толы. Өзің сымбатты, ақылды, кәсіпкер жігітсің. Қыз дегенді шертіп жүріп таңдайсың. Қазір мына мейрамханадан шығып, сені қыздар жиналған ортаға апарамын. Өзіңе ұнағанын таңдап ал, – деп даусын қаттырақ шығарып күлді. Солай екеуі машинаға мініп, қыздар шоғырланған ауданға келді. Аялдама қаптаған қыздар. Тіпті әр көлікке өздері келіп жүгіруде. Асқар іші сезгендей, теріс қарап темекі шегіп тұрған қызды шақырды. Әр адымы жақындаған сайын Асқар өз өмірінің басты сұрақтарына жауап тапқандай. Артқы өзі отырған терезені жауып, қызды алдыңғы орынға Айдардың жанына отырғызды. Айдар мәз. Сөйтіп бір қонақүйге тоқтап, Асқарды қызбен бірге түсіріп кетті. Қыз болса Асқарды әлі байқамады. Ол алдыға асығыс кетіп, дереу тапсырыс берілген бөлмеге кіріп кетті. Артынша қыз да келді. Ескті ашса, алдында өз ғашығы. Бір-бірінен көз алмай, сұқтана қарауда. Асқар креслоға барып отырды. Жеңіл, жағымды әтірдің иісі сезіліп, бойынан жылы леп ескендей болды. Осынша уақыт бір-бірін танитын, сағынысқан, алып ұшқан екеуінің оңаша қалғанда қысылғандары рас. Қаншама жауапсыз сұрақ, бітпеген махаббат. "Не үшін бұлай жасадың Аяулым?" деп сұрақты төтесінен қойды. Қанша ашу-ыза бойында тұрса да, өзін-өзі ұстауға тырысты.
–Асқар, мен бұлай болғанын қаламадаым. Кешірші. Мені мына өмірден құтқаршы, – деп жылап жіберді.
– Мен жас болдым. Ақша қажеттілігі үшін сені тастауыма тура келді. Әйтпесе мен сені әлі де сүйемін, – деген үнсіз күйі қалды.
–Кешірдім. Бірақ сені бұл жолға мен түсірген жоқпын. Сен өмірде мені таңдағаныңда бұлай қиналмас едің, – деп есікті тарс жауып кетіп қалды.
Ауа-райы күрт өзгері, жаңбыр жауып келеді. Асқар ашуланып, жолда кездескен тас, қоқыстарды теуіп, көрінген қабырғаны ұрып келеді. Үйіне келіп, әбден мас болды. Тіпті таңертең ұйқыдан тұрған кезде үйдің осыншама шашылғаны, әр заттың сынығы үй қызметшісін таңқалдырды...
Асқар оны көп іздеді. Сол аялдама да ұзақ күткен күндер мен түндер... Мүмкін бүгін кездестіремін деген алдамшы үміт оны сол жерге айдап апара берді. Бірақ қайта жоғалтып алды. Таппады...
Араға салған үш жыл.. Асқар өз туған күн кешіне дайындалуда. Қонақтар тізімі, ас мәзірі... Барлығының мінсіз болғанын қалады.
Кеш батты.. Қонақтар алды келе бастады.
Аяулым... Уақыт тоқтап қалғандай.Енді міне, бір бірінің тынысын естіп, қол созым жерде тұрса да жақындауға немесе бір сөз айтуға екеуінің де батылы жетер емес. Ас үйде орнаған ауыр үнсіздікті көлік жүргізушісі Бақыт келіп бұзды.
–Асқар мырза, кешіріңіз. Сіз кеше осы кешке арнайы ас үй қызметшісін табуды бұйырғансыз. Міне, ең лайықтысы – Аяулым..
Асқар екінші мүмкіндікті жібергісі келмей, Аяулымды бұл жолы басқа кейіпте көргеніне қуанды. Көлік жүргізушісіне де алғысын айтқысы келіп, тіпті іштей ғашығына не айтқысы келгенін де ойлап тұрды. " Өткен жылдарға өкпем жоқ. Бірақ сен мен үшін жастық шағымның тәтті естелігі, қолым жетпеген арманым болып қалып едің. Алайда міне, қайта жолықтық"...
– Таныс болыңыз, әрі менің келіншегім, – деген Бақыттың сөзі  осы кештің шырқын бұзды.  Асқар сасқалақтап, не айтарын білмей сыртқа шығып кетті.
Бір үй, бір шатыр, тіпті бір бөлме ішінде болсада бір-бірінен тым алыста еді. Аяулымның сол "Мені құтқаршы " деген сөзі құлағына жаңғырық болып келе берді. Оған  дауыстап айтпаса да "Сені соншалық сүйетін жүрегімді сезбегенің бе? " деген сұраулы жанарымен, құшақтасқан Аяулым мен Бақытқа үнсіз қарап тұрды. Ашу-ыза мен қатар келген мына бақытты көрініске іштей қуанатындай... Аяулым болса жанарына жиналған жасты жасырып, ернін үнсіз тістелеумен болды.
Нұрай ӘМІРХАНОВА
14 қаңтар 2025 ж. 96 0