Үміт шырағы

"Май шамның жарығы" повесіне ауыл өмірінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыр кезеңі арқау болған. Барлық оқиға қазақ әйелі бауырына басқан жетім баланың сөзімен баяндалады. Оның басынан өткізген тауқыметтері ауыл адамдарының таңның атысынан күннің батысына дейін Отан үшін, Жеңіс үшін деп аянбай еңбек еткендері, бауырмалдықтары, адамгершіліктері, еріксіз қашқын атанғандардың сыры, Н.К.В.Д, милициялардың дөрекілігі, ауылдан шыққан партизан қыздың ерлігі қарапайым тілмен нанымды суреттеледі.
"Ер", "Сәйгүліктің ажалы", "Меңдіқыз" деген әңгімелерінің де оқиғалары тартымды. Оқырманын қызықтырып, тез баурап алады.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тілі жатық, жеңіл оқылады.
Кітаптың беташарында жазушы: "Бұл еңбегімді Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлер мен елге тылда уақытпен санаспай, аянбай еңбек еткен арда аналардың рухтарына арнаймын" – деп кейінгі ұрпақтың асыл парызын білдірген.
Кітаптың жастарды патриоттық тәрбиелеуде маңызы зор болмақ.
Редакциядан