Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Жүрегім – ай, жаным – күн»

«Жүрегім – ай, жаным – күн»

Сырдың сыршыл перзенті, айтыс өнерінде айқын қолтаңбасы бар, ақын, республикалық «Шабыт» фестивалінің алғашқы лауреаты, ұстаз, педагогика ғылымдарының магистрі Айнагүл Әбуованың мерейтойына арналған «Жүрегім – ай, жаным – күн» атты шығармашылық кеші А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде өтті.
Кеш тізгінін ұстаған та­лантты ақын, республи­калық жас жазба ақындар дуэлінің жеңімпазы, «Күміс қалам» жүлдесінің иегері Ақжол Тү­менбай көрермен қауымды мерейтой иесі Айнагүл Әбуо­ваның өмір жолы мен шы­ғармашылығынан хабар­дар етті. Сондай-ақ қалалық Жас­тар театрының дайын­да­ған қойылымында ақын қыз­дың бала күнінен балауса ша­ғы­на дейінгі болмысы көрініс тап­қан.
Кеште мерейтой иесіне Парламент Сенаты­ның төра­ғасы Мәулен Әшім­баев­тың, Сенаттың аппарат басшысы Максим Спот­кайдың және «Музыкалық жас көрермен» театрының директоры Асхат Маемировтың құттықтау ха­тын «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреа­ты, танымал актер Асылхан Төлепов, облыс әкімі Нұр­лы­бек Нәлібаевтың құттық­тауын мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов табыс етті. Қала әкімі Нұржан Аха­­товтың, ақынның туған жері Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың, об­лыстық мә­дениет, архивтер және құ­жаттама басқармасы бас­шысы Жанмұрат Сейіл­овтің, Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда университетінің бас­қарма төрағасы-ректоры Бей­біткүл Кәрімованың, Н.Бекежанов атындағы қазақ ака­де­миялық музыкалық драма театры ұжымының, «Айтыс ақындары және жыр­шы-тер­ме­шілердің халықара­лық ода­ғы» филиалының аты­нан да құттықтаулар оқылды.
Мұнан соң Айнагүл Әбуо­ваның «Жасыл сия» атты жыр жинағының тұсауы ке­сілді. Білім беру ісінің үз­дігі Алтынбек Ерназаров, ре­­жиссер-сценарист, ақын Оң­­талап Нұрмаханов және ұстаз, Мәдениет қайраткері Серік Ыдырысов ақынға ақ тілек арнады.
Кеш қонағы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңаберген әндер шырқап, елдің қошеметіне бөленді. Шолпан Бимбетова А.Әбуо­ваның сөзіне жазылған Е.Әб­ді­халықованың «Барады жыл­­дар жылжып…» әнін орын­­даса, белгілі жырау, Мә­дениет қайраткері Руслан Ах­метов тыңдарман қауымға А.Әбуо­ваның «Сыр елі» тол­ғауын тарту етті.
Мерейтой иесі, ақын Ай­нагүл Әбуо­ва «Жасыл сия» кітабынан жыр оқыды.
 Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы»

syrboyi.kz
14 сәуір 2025 ж. 98 0