Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » БІЛТЕЛІ ШАМ ТҮБІНДЕГІ САРЫ ШАЛ

БІЛТЕЛІ ШАМ ТҮБІНДЕГІ САРЫ ШАЛ

Әңгіме ұзақ, айтылар зейнеткерменСары шал, балық аулап бейнет көрге
Сынбасын дейді ме екен сағымызды?
Білдірмейді, өткенін қилы өткелден...
Бала көңіл түсінбес сезімді нық,
Көк теңізден жұқты ерге төзімділік.
Жиі ойланып, газетке шұқшылатын,
Көзінде ескі, қап-қалың көзілдірік.
Кешіре алар тентектеу қылығымды әр,
Татпақ ба екен немере тұнығын бал?
«Газет оқып бер, маған, – деп күлетін,
Менің балам төрт класс білімім бар...»
Бес оқитын мен үшін қызық бәрі,
«Толқынды» аштым оқуға қызыққалы.
Халық жайын түсініп, балық жайын,
Түзелді талай үйдің бұзықтары.
«Қасқақұлан», «Ұялы» таныды ішім,
Жазбап ба, ешкім шығады жалыныш үн.
Ержетіп кейін білдім, басады іштей
Теңізге деген ыстық сағынышын.
Білтелі шам, сары шал, ақпарды күн
Жеткіземін толқынды шақтарды мың.
(Әулие шал сол кезде білді ме екен?)
Жаңа толқын дайындап жатқандығын.
Бұл күнде сары шал жоқ сұраққа алар,
Мен де ержеттім, кездер аз жылап қалар.
Көне көз қариялардай «Толқын» маған,
Тоқсан бес жыл өмірінінен сыр ақтарар.
Қалады мәңгі биік тұрақта олар!
Тіл шұрайлы бұзардай бекіністі,
Ақын деді ел жырының оты күшті.
Басылыпты «Толқынға» жаңа өлеңім
Сары шал жоқ, тыңдайтын, өкінішті...

ХАТ
 
Бұғауға көнбей шапқылайсың-ау құлын жыр,
(Құбылады өмір, құбыласын біліп құбылғыр!)
Енді туатын өлеңі сынды ақынның,
Тағдыр да сондай тап баса алмайтын бұлыңғыр.
Бұлыңғыр күндер, алда еді бұлтты түндерің
Кімдер дос, қиын,  дұшпаның кімдер білмеуің?!
Бектердей өмір сүрсін деп ырым еткенмен,
Әуелден олай шешті ме өмір күрмеуін...?
Сыйпамаса да, мейірлене өмір басыңнан
Білімге құштар, өжет боп өскен жасыңнан
Қоңыратбай шалдың топқа қосылып үш ұлы,
Алаштың даңқын қаламмен қашап асырған.
Түсінбес қырғи, қыранның биік самғауын,
Дастан, жыр жетті ағытып дәстүр қолбауын
Қазақтың бәрі қарыздар, тарих таспалап
Көшеней үнін көшінен үзбей жалғауың.
Білім ап елден алшақтау жүрген шақта да,
Жаздың ба екен, жан сырыңды ішкі ақтара?
Қос бауырыңды атуға кесіп бір күнде,
 Сені аман алып қалғаны жалғыз хат ғана.
Сол бір хат қандай сағыныш толы, қастерлі
Сендіре алған сұп-суық жендет әскерді.
Жүсіпбекқызын¹ жар қылып алам дегенде,
Бауырың менен ойладың ба алыс қасқа елді?!
"Әлібек, інім, ол райыңнан қайт деген,
Ел халқыңды ойла, ағаларға ойлас айт деген..."
Екі жол хаты тағдырын  шешкен ерлердің,
Сұм жылдар өткен ойласаң қазір байыппенен.
Бұғауға көнбей, шапқыла, құлын жырларым!
Өмірің Әуке, өлең арнама бұрғаным
Бар өміріңіз, бір өлеңіме сия ма?
Қалаймын бірақ құлпытасыңдай тұрғанын!

Алтынбек ҚЫСТАУБАЕВ
11 қараша 2025 ж. 135 0