Көптің таңдауы «Толқында»

– Өзім тұратын Мұратбаев көшесінде 96 түтін бар. Соның барлығы газет оқиды деп айта алмаймын. Десе де, көпшілігі газетке жазылады. Онда да тұрғындардың да таңдаулы газеті осы «Толқын» деп айтқан болар едім. Біз секілді жасымыз келген адамдар үшін газеттің орны қашанда бөлек. Өз басым интернет пе, сайт па сондай дүниелерді көп түсіне бермеймін. Қолымызға қысып, парақтап оқыған әрбір мақаланың парқы бар біз үшін. Сол үшін газетке жазылу менің жылдағы жауапты жұмысыма айналған. Басқа басқа, өз басым «Толқынға» сонау жас күнімнен жазылып келемін. Таңдаулы басылымға деген құрметім осылай жалғаса бермек, – дейді оқырманымыз.
Иә, бір кездері дәурені жүріп, көптің ыстық ықыласына ие болған басылымның беделі әлі де тұғырдан тая қойған жоқ. Газетті гаджетке алмастырғанмен, оның да өз оқырманы бар. Сол газетке жазылу әлі де жүріп жатқанын көптің есіне салғымыз келеді. Сіз де жазылыңыз, оқырман! Таңдауыңыз «Толқынға» түссе, нұр үстіне нұр болар еді.
А. ҚАРАСАЙ