Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 50 балаға тәтті таратылды

50 балаға тәтті таратылды

Ұлттың болашағы, бақыты мен бағы, ертеңге деген сенімнің кепілі де – бала екені белгілі. Наурыз мерекесі қарсаңында Қызылжар ауылдық "Оңғар ахун" мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні "Рауан" балабақшасының бүлдіршіндеріне "Оңғар ахун" мешіті 50 балаға "Рамазан тәттілері таратып, қуаныш сыйлады.        
         Шараның басты мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.  Бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Жиналған  жұрттың қарасы да қалың болды.   Рамазан айында кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған мешіт имамы Әнуарбек Бесқайырұлы:
         – Баланы жақсы сөзіңмен қуант, үлгілі ісіңмен қуант деген. Балаларды қуантқаннан артық не бар бұл өмірде? Олардың жайнаған жүзін көріп, күміс күлкісін естіп, алаңсыз бақытты балалық шағын тамашалағаннан артық ғажап нәрсе болмас. Баланы қуанту – әлемге шуақ шашумен тең. Өйткені, балақайлар – болашағымыздың баянды жолы, өміріміздің мәні, өміріміздің жалғасы. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, – деп бала бақша ұжымына алғысын білдірді. 
         Осылайша бұл күн мерекеге айналды. Мерекелік шара аясында балаларға сыйлықтар таратылды. Бұл игі іс-шара Ораза айттың рухани әрі қайырымдылыққа толы мәнін тағы бір мәрте айшықтай түсті.
«Оңғар ахун» мешітінің баспасөз қызметі
17 наурыз 2026 ж. 196 0