Наурыз тойы
Жырлайын бүгін мен де жырлағасын,
Сүйсініп ағайын-жұрт тыңдағасын.
Наурыз тойы басталды елімізде,
Қалайша қуаныштан құр қаласың.
Ұлыстың ұлы күні құтты болып,
Жарқырап төбемізден күн қарасын.
Аралым, айналайын, ару қалам,
Мен үшін сен ерекше дүр қаласың.
Құт-береке әкелісін ЖЫЛҚЫ жылы
Жамандық төмен қарай сырғанасын.
Бүгінгі күн ерекше қарап тұрсам,
Көңілім күн көзіндей нұрланасың.
Ақ пейіл ағайынмен қауышқанда,
Жеткендей қуанамын шыңға басым.
Кілемін жайып жатқан даламызға,
Көктемнен бойға қуат аламызда.
Ұлыстың ұлы күні келген кезде,
Қарсы алған біздің текті бабамызда.
Қазақтың салт-дәстүрін жалғау үшін,
Соларды үйретейік баламызға.
Баланың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Құрметпенен қарайық Анамызға.
Тал егіп табиғатты аялайық,
Ертең көрік береді қаламызға.
Елімді алға бастар азаматтар
Қашанда айналады дарамызға.
Қазақтың әз наурыз мерекесі,
Айналып тұрсын мәңгі нар аңызға!
Мақтанам ұланғайыр жерімменен,
Тәуелсіз Қазақстан елімменен.
Көк байрағым желбіреп аспанымда
Қыраның боп самғайын көгіңде мен.
Күннің көзі шашады нұрын бізге
Осы ғой ең бақытты өмір деген.
Қарсы алып әрбір атқан ақ таңымды
Тұрамын қуанышты көңілменен.
Қазыналы қарттарым бата беріп,
Отырады осынау төрімде кең.
Жалындаған жастарым өсіп келед
Елімнің ертеңі ғой ерім деген.
Қасиетті Қазақстан, сен бар кезде
Қараймын болашаққа сенімменен.
Ағайын, баршаңызға құтты болсын,
Әз наурыз келіп жеткен күн бүгінгі.
Тойыңызға шашылсын шашу болып,
Жүректен жарып шыққан жыр бүгінгі.
Қоздырар делебеңді осындайда
Қос ішек домдыраның күмбір үні.
Шаңырақтан естілсін шаттық үні,
Айқара ашып таста түндігіңді.
Қазағым, қалың елім, айналайын,
Құдайым айырмасын бірлігіңді.
Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ










