Сағынай Ешекеновтің рухына
Мерейлі бүгін кешіңе.
Өзіңнің жырың түлеткен,
Сан ақын Сырдың төсінен.
Аралдан шыққан ақиық,
Ағаларымның бірісің.
Өлмейтін жырын бал иіп,
Тұрғанда мәңгі тірісің.
Ақ семсер алтын балдақты,
Өлеңнің өркен дидарын.
Жүрекке барлық салмақты,
Жиып ап жерге сыймадың.
Құбарлан сынды құйғытып,
Қызылдан қырдан асырмай.
Бұлдамас арын сый күтіп,
Сағынай жаны жасындай.
Шаттанып жатыр «Шижаға»,
Сенімен қайта қауышып.
Әніңді шабыт сыйлаған,
Айта алмас ешкім тауысып.
(Басқан ізіңде сауық кіл...)
Ерекше бүгін таң нұры.
Жыр болып әне жауып тұр,
Мамырдың майда жаңбыры.
Ұлағат ХАНЗАДА,
Астана қаласынан










