Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шүкіровке арнау

Шүкіровке арнау

Теңіздей телегей жыр тулағаны-ай
Шабыттың шағаладай шудағаны-ай
Толқуы толқын сынды мына сезім
Кетем бе теңізіңе ту қадамай?!

Бұл сезім тұрғандай-ма сый болғалы
Көкейге көктен зеңгір бейне орнады
Көргенім көлеңке емес, көркем бейне

Соғып тұр өлеңдері өр кеудеде
Сезімі бұрынғыдай, рухы нық
Сенімі бірақ, бізге селкеу неге?!

Себебін кеткен болды ол ұқтырып
Тәні бүтін жандарды көріп тұрып
Қамалған ой саналар тар қапаста
Қойғандай сол тіршілік торықтырып

Таңылмадың, жырыңмен ғалам кездің
Сабылмадың, сабырмен жараңды ездің
Еңсемді бір көтеріп алайыншы
Жадау-жүдеу сәтімде саған кезбін

Мекен етіп кеткені-ай мәңгілікті
Туылса игі өзіңдей енді мықты
Жүрер жерің қаншалық тар болғанмен
Жүрегіңді біздерден кең қылыпты

Жыр шайыры өзіңдей дара болар
Құм шайылып теңізде жаға қалар
Толқындар сені жиі еске салып
Әніңді шырқап тұрар шағалалар.

Ақиық ақын
Жастайынан бір дарын байқалатын,
Жырларымен Сыр елі жайқалатын.
Өмірімен өнеге көрсетіпті,
Аралдан шыққан біздің – қайсар ақын.

Ол жазғанда өлеңді құлпырады,
Бір ерекше көңілге сыр тұнады.
Зейнолла ақын жазғандай өлеңдердің,
Біз де ашамыз бір күні құлпын әлі.

Бүгін қайсар ақынға еліктейміз,
Жыр түсіріп қағазға еліктей біз.
Сезімді өлең жазуды мақсат тұтып,
Еліктейміз ақынға, желікпей біз.

Жырын оқып шынықтық мәнді де аса,
Жыр жазамыз түн қатып, таңға ұласа.
Құрыш қайрат, жыр жүрек Зейнолла ақын,
Қазақтың жүрегінде мәңгі жаса!
Ғайникамал СӘДУАҚАСОВА
16 ақпан 2022 ж. 1 308 0