Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ержеңіс салған ән қандай!

Ержеңіс салған ән қандай!

Бүгінгі кейіпкер туралы жазуды ойға алғаныма да біраз жылдардың жүзі болып қалып­ты. Үлкен сахналарда өнер көш­ін түзей алмағанымен де, оның құлақ құрышын қандыратын көмейін­дегі әсем ән мен жауһар жыр­дың иірімдері ешқашан сар­­қыл­ған емес. Бойындағы өнердің тылсым ерекшелігі сон­дай - оны бір мәрте тыңдаған адамның көңәлі желпініпқайта-қайта тыңдағысы келіп тұраты­ны бар. Өйткені бүкіл жан-дүни­есі ән мен жырдың қазыналы қоймасындай боп көрінеді. Ай­тар ән-жырларының иірім­дері жүректердің түбіне дейін жол тауып жетіп, баурап алатынын қайтерсің. Иә, сол таза тап-таза әуендері оның өз әлеміндей.
Мен осы ән мен жырдың қай­таланбас өрен жүйрігі болған кейіпкерімді алғаш тыңдаған­ыма да қарап тұрсам, бүгінде анау-мынау қырық жылға жуық уақ­ыт бол­ыпты-ау. Өтіп жатқан өмір деген осы. Зуылдап ілгері қарай көшіп барады.
Сонау 1988 жылы мен ұстаз­дық жолымды аудан орталығы­нан тым-тым шалғай жатқан қияндағы малды ауыл Атанши­дегі №69 орталау мектепте жаңа бас­тап жатқан кезім. Ауыл тір­шілігі қаладан басқаша ғой, екі күннің бірін­де той-домалақ болып жатады емес пе.
Бір күні жақында ғана жас шаңы­рақ көтерген Шоқан Әлен­ов де­ген жігіт­тің үйінде кешке ауыл жастары дүбірлетіп бас қосты. Сонда ал­дында ғана танысқан қалың қас­ты, қара торы, жасы жиырма бестер шамасындағы сымбатты жас жігіт Ержеңіс Жал­пақов қара домбырасын қолына алып қазақтың халық әні "Ақтолғай­ды" шырқап бір берді дейсің.
Айқайламай дауысым ашылмайды-ау,
Жолай жұпар қалампыр шашылмайды-ау, Ақтолғай.
Жолай жұпар қалампыр шашылғанмен-ау,
Күнде бұлай басымыз қосылмайды-ай, Ақтолғай.
Барайын десем жер шалғай,
Бармайын десем ел қалды-ай.
Әл-дәрменім құрыды-ау,
Ақтолғай-ау, Ақтолғай!
Ауылым көшіп барады Алмалыға-ай,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына, Ақталғай.
Айт дегенде өлеңді айтпай кетсем-ау,
Көргенсіздің баласы демей ме екен-ау, Ақ­толғай!-деп шырқай әуе­леткен бір кез­інде кешкі ым­ыртты серпіл­тіп ғар­ыш әл­ем­­інен бір әс­ем саз бұлағы жет­­кендей жолды. Мына әнді тыңдап отыр­ғанда, ауылдың бір қара­пай­ым қара баласын емес, құдды бір бұлбұл көмей кәсіби әншіні тыңдап отырған­дай күйде бол­дым. Нет­кен дау­ыс, неткен ән, нет­кен үн! Әнді айтқанда жан-дүниесімен бер­іле орын­дайды. Әнің әсерін сөзбен жеткізу мүм­кін емес. Ән­нің маған ұнағандығы сон­дай - сол әнді әлгі отырыспа үстінде бірне­ше мәрте сұр­ап қайталап орындат­қан­ым есімде. Осын­дай таби­ғи  дарын­ның алыс ауылда қой бағып жүргеніне таң қалғаным сондай:
-Ержеңіс, неге аудан орталы­ғына не облыс­қа барып, мәдениет Үйлеріне жұмысқа тұрмайсың? Мына ән­дерді қайдан үйреніп жүрсің? Мынау бір ізі әріден бар ән-әуен сүрлеуі ғой,-деп сұраға­ным бар.
-Менің туған нағашым Рысбек Әшімов қой,-деді Ержеңіс.
-Ойбой-ау, оны жақсы білемін ғой. Рысбекті мен ғана емес, қазір аудан да, облыс та жақсы таниды, жақсы біледі. Аудандық Мәден­иет үйінде бірге қызметтес бол­ып, оның даусы құлағымызда тұр,-дедім мен.
-Рысбек нағашым да әр келген сайын маған дем беріп "Жасың келді, сенсіз де қой бағатындар табылар. Құдай бер­ген бойың­дағы асыл өнерді хал­ық­қа танытсайшы. Өнер ордалар­ына кірсей­ші" деп кетеді. Түбі Аралдағы мәде­ниет Үйіне бара­мын-ау... Қазір әкем мен шешеме көмекші боп қой бағып жүрмін...-деді ол жайбарақат қана.
Одан кейін де ауылдағы той-домалақта да, оңаша отырыс­тарда да ауылдың әнші бұлбұлы Ержеңіс­ті тыңдап жүрдім... Оның ән әлемінен сусындап, айызымыз қанып жүрді.
Арада қаншама жылдар өтіп кетті. Алайда алыста жүрсем де, Ержеңістің әсем де әрлі дауысы құла­ғым­нан бір кеткен емес. Өмір то­ғыстырып соңғы кезде ғана оны­мен ара­лас-құралас­тығымыз бас­­талған секілді. Өнер ордалар­ы­на да қызметке тұрып, түрлі байқау­ларға да арагідік қатысып жүл­делі бол­ып, теледидарға ән­дер­ін жаз­дырып жүр­генімен де, Ержеңіс Жалпақов жалпы ауылдан көп ұзап шықпай қал­ғанын білдім. Бірақ ән-жыр­­ға деген ің­кәрлігі, өнерге деген құр­меті мен берілгендігі сол баяғы қал­пында екен. Жасы үлкейіп келе жатса да, тама­ша дауысы сақтал­ған. Ән мен жыр­дың мөлдір бұла­ғы ағып тұр. Табиғи үні титтей де бұзылмаған. Мөп-мөлдір кіршік­сіз үні жан тыныштандыра­тын­дай күйде. Тәңірден келіп өнер қонған адам­ның ерек­шелігі де осындай екен ғой, қаншама жыл құм астында жатса да тот бас­пайтын саф алтын­дай жарқыл­дайды да тұрады.
Ержеңістің әншілік дарыны­ның бір арнасы әлгінде айтқан­дай нағашыларынан келген. Рыс­бектің апасы болып келетін Нәти­па Қосмамбетова да кешегі теңіз­дің бар кезінде әншілігімен тан­ылып, тек қана Арал өңірі емес, теңіздің арғы бетіндегі Қарақал­пақ жеріне дейін барып шырқаған екен. Бұл кісілерді Бақытжан де­ген аталары өсіріп, тәрбиелеген. Ал тағы бір екінші арнасы өз ата-баба тегінен дарыса керек. Өткен ғасырда Ақшатау, кейін Қаратерең жағында болған Телман деген жырау өткен. Былайғы көзге көп түспегенмен де, ел әішінде жақсы жыршы атанған. Кейін суға кетіп жастай қайтыс болып кетіп­ті. Өте қабілетті, дарынды азамат сондықтан да көпке белгісіз боп қалған. Ержеңістің өз әкесі Мар­шал да қазақы қара сөзге де, өлеңге де жүйрік, нақылдап ұй­қастыра сөй­леп отыратын кісі екен. Әуендетіп домбыра шерте­тін де болған. "Ұры қарға" секілді дастандарды да қой бағып келген соң, кешкі жайлы тыныштықта отбас­ында мақамдап айтып оты­ра­тын.
Осындай өнерлі әке мен шеше­ден берілген халықтық өнер кей­ін­гі балаларының да бойына дар­ыған. Ержеңістің апасы Ай­сұлу, іні-қарындастары Қойшы­бай, Бостандық, Ақкүміс, Айгүл­дер де қара домбыраны жастай­ынан қолдарына ұстап, ағайын-туған­ның арасында ауыл-үй­дің ара­сында әлі айтып жүр. Әуен-сазға келгенде бірінен-бірі озады.
Ержеңіс 1988 жылы Қызылор­да қаласындағы кәсіптік-техни­калық училищеде токарлық ма­мандығын алайын деп оқып жүр­ген еді. Студент жігіт бір күні таныстарынан: "Нартай Бекежанов театрында әнші-жыр­шылардың байқауы болып жат­ыр" дегенді естіп жан сергіі дом­бырасын ал­ып сонда барады. Өрімдей жастар бірінен соң бірі сахнаға шығып өнерлерін көрсе­тіп жатыр екен. Көптен қалмай бұл да Ғарифол­ланың бір әнін және Нұртуған шайырдың "Ой­ласаңдар, жігіт­тер" деген терме­сін тамылжыта орындап береді. Сөйтсе бұл жай бай­қау емес, қазақ өнерінің қара шаңырағы Алматы консер­ватор­ия­сы­на өнерлі талапкер­лерді ірік­тейтін шара екен. Тыңдап отырған комиссия мүше­лері іле Ержеңісті алдарына шақ­ыр­ып, осы оқу орнына жол­дама береді. Ол училищедегі оқуын ертерек тапсырып, тездетіп аяқ­тап, асыға Алматыға жол тартады. Үлкен өнер ордасында үш айдай білім алған соң, отбасылық жағ­дайымен ол оқудан қол үзіп, қияндағы туған ауылына қайта­ды.
Әуелі әкесі Маршалға көмекші шопан болып жүріп, 1989 жылы аудандық Мәдениет үйіне авто­клуб меңгерушісі болып қызмет­ке орналасады. Осындағы жыр саңлақтары Рысбек Әшімов, Бекұзақ Тәңірбергеновтердің жанында жүріп өз шеберлігін шыңдай түседі. Соның арқа­сында облыстық байқауларда жүлдегер атанып, кейін 1990 жы­лы Қазақ теледидарына  «Шежі­ре-дастан» бағдарла­мас­ына бел­гілі өнерпаздар Демеубай Жолым­бетов, Мүбин Бейімбетовтермен барып түседі. Сол жылы радиосы­на да дауысын жаздырады. Ер­жеңіс­тің орын­дауындағы «Кән­е­кей, тілім сөйлеші», «Асыл ер өзін биік  санамайды», «Құлақ салып, сөз тыңда», А.Байтұр­сынұлының «Бір мысал», Балқы Базардың «Мәжілісін қыздыр алқаның», Тұрмағамбет шайыр­дың термелері тыңдармандар­дың құлақ құрышын қандырып, өзінің ерек­ше өнерін танытты.
Алайда өнер жолы 1990 жылы бұрынғы арнасына түсіп. қайта тұйықталып, Атаншиде мал  бағ­ып отырған әкесінің жанына көмекші шопан болып қайта ора­лады. Бұрынғыдай ауыл арасын­да той-домалақта ән-жырлары­мен халықты сусындатып жүреді.
Ержеңіс 1991 жылы Айгүл Әпенқызына үйленіп, отау құра­ды. Алты ұл-қыз тәрбиелеп өсір­іп, ұлын ұяға, қызын қияға қон­дырды, олардан алты немере-жиендері бар.
Өнерімен елге танылған өнер саңлағы Ержеңіс Жалпақов «Жіңіш­ке­құм» кеңшары тараған соң, Арал қаласына қоныс ау­дарған. Түрлі мекемелерде жұмыс істеді. Қазір аудандық зағип­тар қоғамында қызмет жасайды. Қолында әлі сол қара домбы­расы.
Ән әлемінің өз адамындай болып кеткен әнші-термеші Ержеңіс соңғы жылдары музыка әлеміне дендеп еніп, жаңа шы­ғармашылық белесті мақсат тұт­ып, сазгерлік қырымен де жар­қырап, тыңдармандар алдында да көр­іне бастады.
Ержеңістің біздің сөзі­мізге жазған «Ауылды сағын­ған­да», «Атанши - ауылым» әндері бүгінде барша тыңдармандар көңілінен шығып, қазір әлеу­меттік желілер арқылы көпші­ліктің сүйіп тың­дайтын әуен­деріне айналған.
Алда да осын­дай шығарма­шы­лық сара жолын жалғас­тырмақ ойы бар. Саз әлемінен қол үзбеген ол бүгінде қаламыз­дағы Зейнолла Шүкіров атын­дағы қалалық мәдениет үйі жан­ындағы «Ұлағат» ардагерлер ансамблінің құрамында өңірлер­іміздегі сахна­лар­ға шығып өнер көрсетіп жүр.
Ерғали Абдулла
13 қазан 2026 ж. 93 0