Қарлығаш – киелі құс
Қазақ қашаннан қарлығашты киелі құс санайды. Бұл құстың қасиеті жайлы аңыз-әңгімелер де аз емес. Ілгеріде Жоңғар шапқыншылығы кезінде ауылға жау шауып, бүкіл ел үдере қашады. Сол ауылда тұратын бабамыз Төле би ғана көшпей отырып қалады. Шапқыншылықпен келген жоңғар қолбасшысы, "бәрі қашқанда бұл неге көшпей...









