Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тілге жанашырлық бастауыш ұйымнан

Тілге жанашырлық бастауыш ұйымнан

Бабаларымыздан қалған асыл мұра – қазақ тілі мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде қарымды да күрделі мәселелердің бірі.
1989 жылы қазақ тілі Мем­ле­кеттік тіл мәртебесін алған сәттен бастап ізе-шала Алматыда Хал­ық­аралық "Қазақ тілі" қоғамы құр­ылып, оның филиалдары еліміз­дің барлық облыстары мен аудан­дарда өмірге келіп, тың бастама­лар­мен іске кіріскен болатын. Соның бір айғағы, 1990 жылы Халықаралық "Қазақ тілі" қоға­м­ының филиалы ауданымызда да құрылып, оның алғашқы төраға­сы Қазақ­стан Жазушылар одағы­ның мүше­сі, ішкі істер саласының ардагері Мешітбай Құттықов бол­ды. Алғашқы бастау­ыш ұйымдары оқу орындары – мек­теп­терде құрыла бастады. Денсаулық сақ­тау, мәдениет мекемелері мен ірі өндіріс орын­дарында ашылып, қанатын кеңге жайды. М.Құт­тықов филиал төра­ғасы қызметін 2001 жылға дейін, яғни өмірінің соңына дейін 11 жыл басқарды. Осы уақыт "Қазақ тілі" қоғамы бастау­ыш ұйымының саны 70-ке, онда­ғы қоғам мүшелері 2000-ға  жетті.
2001-2002 жылдары  филиал жұмысына Бөген ауылдық окру­гін ұзақ жылдар басқарған Кеңес Саратов басшылық жасады. Бұл жылда "Қазақ тілі" қоғамының бастауыш ұйымдары 75-ке, мүше саны 2200-ге жетті.
Ал 2002-2003 жылдары фил­и­алға жетекшілік жасаған журна­лист Еркін Әбіловтің тұсында да қоғам жұмысында жаңа жетістік­тер орын алды. Бастауыш ұйым саны 80-ге жетіп, олар­да 2500-ден астам қоғам мүшелері болды.
2003 жылдан 2014 жылға дейін филиалға төрағалық еткен жоғары білімді есеп қызметкері, тіл жана­шы­ры Аманкелді Траха­нов қоғам жұмысын жаңа деңгей­ге көтерді. Өзінің жеке кәсіпкерлік ғимарат­ынан филиалдың  арнайы жұмыс бөлмесін жабдықтап, іс қа­ғаздары мен есеп-құжаттарын жолға қой­ды. Бастауыш ұйымдар­мен тығыз байланыста болып, ана тілімізді ар­дақтауда айтулы іс-ша­ралар ұйым­дастыра білді. Филиал жанынан "Үмітті Арал" газетін аш­ып, мем­лекеттік тілімізді насихат­тауда бір­шама жұмыстар атқарды. Ауданда "Қазақ тілі" қоғамы бас­тауыш ұйымдарының саны 100-ден асып, мүше­лері 3000-ға көтерілді.
Қай уақытта да ауданда Хал­ықаралық "Қазақ тілі" қоғамын елге сыйлы, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан, сауатты тіл жанашырлары басқарып отыр­ды. Соның нәтижесінде филиал жұм­­ысы жыл са­нап жанданып, қоғам­ның бастау­ыш ұйымдары мен мүш­е­лерінің саны да өсіп келеді. Ал қазіргі таңда ауданда барлығы 110 бастауыш ұйым, Сексеуіл кент­інде 20-дай бастауыш ұйымды бір­ік­тірген бір комитет жұмыс істейді. Қоғамның мүше саны 3500-ге жетті.
"Тіл тірегі – бастауыш ұйым" деп тектен-тек айтып жүргеніміз жоқ. Филиал жұмысының бас­тауы, ар­қа сүйер тірегі бастауыш ұйымдар бол­ып есеп­теледі. Егер де тілімізге жанашыр, белсенді бастауыш ұй­ым­дары болмаса, қолдаушы қоғам­дық ұйым­ның мүшелері болмаса, ондай фил­иалдың не қажеті бар деген ой туындайды.
 Қазір ауданның барлық еңбек ұжымдарында "Қаз­ақ тілі" қоғам­ының бастауыш ұй­ым­дары бар. Бұл ретте аудандық білім бөлімі көш бастап тұр деуге болады. Өңірімізде елуге жуық білім беру мекемесі бол­са, олардың бәр­інде де ұйымдар­ымыз жұмыс іс­теу­де. Солардың арасында қалада­ғы №62, №220, №262, №13, №83, сондай-ақ Қарақұм, Қызылжар, Қаратерең ауылдық округтердегі, Сексеуіл кентіндегі №231, №177, Жақсы­қылыш кентіндегі №19 мек­тептерді айтуға болады. Қайсыбір мектеп­терде ұстаздардан бастап тазалық­шы, күзетшілерге дейін қоғамның мүшесі болып қабылдан­уының өзі көңілге қуаныш ұяла­тады. Кәсіптік білім беретін коллед­ждермен бірге оқушылар үйі, өнер, спорт мектеп­теріндегі бастауыш ұйымдарында да ана тілімізді ар­дақтаған іс-шаралар көптеп атқар­ылып келеді.
Денсаулық сақтау саласында, мәдениет саласында, орталық кіт­ап­­хана мен аудандық, қалалық мәд­­ениет үйлеріндегі және мәден­иет орталығындағы бастауыш ұй­­ым­­дардың жұмыстары да жолға қой­ылған. Тіл мәселесін көтерген кез­десу, басқосуларды өткізуде осы мәд­ениет үйлері мен кітапханалар­мен үйлесімді жұмыс істеп келе­міз.
Туған тіліміздің мәртебесін көтеруде өндірістік орындардағы бастауыш ұйымдар да қалыс қалып отырған жоқ. Бұл ретте Сексеуіл локомотив жөндеу депосы, отын ба­засы, аудандық электр жүйесі, "Дәулетэнерго" ЖШС, "Арал отын", "Арал құрылыс" ЖШС бас­тауыш ұйымдарын айтуға болады.
Жыл сайын қыркүйек айында­ғы тілдер мерекесінде  мектеп­терде, мәдениет үйлері мен кітап­ха­наларда ана тілі­мізді ардақтап, мемлекеттік тіліміз­дің мәртебесін көтерген кештер мен басқосулар өтіп, жазба ақындардың жыр мүш­әйрасы ұйымдасты­рылады. Жең­ім­­паз­дар марапатталып, Алғыс хаттар мен дипломдар тапсырыла­ды. Мәдениет үйлері мен мектеп, кітапханалардағы "Қазақ тілі" қоғамының бастауыш ұйымдарымен жыл көлемінде бірге өткізген тіл тағдырына байланысты мұндай кештерді көптеп айтуға болады.
Қоғамның бастауыш ұйымдар­ы­ның саны жыл санап өсіп келеді десе оған соң­ғы жылдың өзінен де нақты мысалдар келтіре аламыз. Бұл ретте аудандық ірі мекемеде "Қазақ тілі" қоғамының бастауыш ұйымының құрылғанын мақтан­ыш­пен айта аламыз. Оның бірі – аудандық полиция бөлімі. Олар қоғамдық тәртіп сақшысы болуы­мен бірге тілдің де сақшысы болуға берік кірісіп отыр. Обаға қарсы күр­есу стансасы мен Өрт сөндіру меке­месінде де бастауыш ұйымдары­мыз құры­лып, іске кірісіп кетті.
Елімізде мемлекеттік тіліміздің өз мәртебесіне сай жұмыс істеуіне және Тіл заңының талаптарының толық орындалуына бақылау жа­сау осы бастауыш ұйымдар мен тіл жанашырларының міндеті бол­мақ. Олар өз ұжымдарында іс қағаз­дар­ы­ның мем­лекеттік тілде жазы­лу­ына, мекеме атауларының заңға сәйкес алды­мен қазақша, сосын орыс тілінде орналасуына бақылау жасайды. Мемлекеттік тілімізді насихаттап, жанашырлық танытады.
Көшелердегі және халыққа қыз­­мет көрсету орындарындағы жарнамалар мен оның атаулары­ның қатесіз, ұлттық үрдісте жаз­ылуын да қадағалайды. Бастауыш ұйымдардағы тіл жанашырлары – тек тілдің ғана емес, ұлттық құн­ды­лықтардың да іздеушісі.
Өз ұжымдарында ана тіліміз­дің төл басылымдарына, соның іш­інде облыстық филиал жаны­нан шығатын республикалық "Тіл сақшысы" газетіне көптеп жазуды ұйымдастыру да осы бастауыш ұйымдардың басты міндеттерінің бірі болмақ.  "Тіл сақшысы" газеті  800-1000 данамен тарап отыр.
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан хал­қына Жол­дауында: "Қазақ тілін дамыту мем­лекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл салада айтар­лықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғыл­ым­­ның, мәдениеттің іс жүргізуші тіліне  айналуда" деген сөзі көңіл­імізге дем береді. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілінің өзге тілдерден мерейі үстем, дәрежесі биік болып, дара тұрар күн тезірек тусын, ағайын!
Жұмабай ЖАҚЫП,
Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының
аудандық филиалының төрағасы
13 қыркүйек 2021 ж. 537 0