Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әлеуметтік саланың әлеуеті зор

Әлеуметтік саланың әлеуеті зор

Қай істің де болсын өзіндік маңызы бар екені баршаға белгілі. Ауданның оң имиджін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып жүрген салалар жайында кеңінен қалам тербеу бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі ретінде бізге тиесілі міндет. Айтамыз, көрсетеміз, патша көңілді оқырманның назарына ұсынамыз. Міне, осы мақсатта аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалия Тоғысқызымен жолықтық. Мекеме іші қызу жұмыс. Үлкен де, кіші де осында. Әлеуметтік мәселелерге тікелей жауапты бөлім болған соң ба,бос адамды таппайсың.Бөлім басшысынан алтын уақытты бөлуді сұрадық. Келісті. Осылайша сәті түскен сұхбат төмендегіше өрбіді.

–Қалам ұшымен қоғам қалыптастырған қызметімізде сіз басшылық еткен саланы талай тақырыпқа арқау еттік. Уақыт бір орнында тұрмайды. Әр жылдың өз салмағы, жемісі, міндеті бар.Ендеше, үстіміздегі жылы, яғни, 2023 жылы халықты жұмыспен қамту барысын атап өтсеңіз...
–2023 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны – 2222 адам. Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны – 239 адам. Жылбасынанқоғамдықжұмыстарға 710 адам тартылды. 248 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Жыл басынан хабарласқан мүгедектігі бар адамдар саны – 123. Олардан тұрақты жұмысқа орналасқандары – 12 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгені – 28, жастар практикасына – 2 адам. Бастау бизнеске 42 адам оқуда. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны – 111 адам. Жыл басынан 3 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 16 мекемеден 69 бос жұмыс орны ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 341 адам қатысты. Оның ішінде 38 адам тұрақты жұмысқа, 17 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. 2023 жылдың наурыз айына тіркелгенжұмыссыздықдеңгейі 5,0 пайыздықұрады.
– Жағымды жаңалық десе елеңдеп тұратын қауымнанбыз ғой. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының биылғы өзгерістеріне байланысты сөз сабақтай кетсеңіз...
– 2022 жылы «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыссыздарды зейнетке шығуға дейін жұмыспен қамту ұзақтығы: 12 айдан артық емес, ай сайынғы субсидия мөлшері жалақы мөлшерінің 50%-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайтын болса, 2023 жылға өзгеріске сәйкес, 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар «Күміс жас» жобасына қатысушылары болып табылады. Ұзақтығы – 36 ай. Жалақы: ай сайынғы жалақысының субсидия мөлшері: қатысудың бірінші 12 айында 70 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен (103 500 тг. ) аспайды.Қатысудың 13 айынан бастап 24 айына дейін 65%-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды. Қатысудың 25 айынан бастап 36 айына дейін 60 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
–Аты айтып тұрғандай, өзіңіз жетекшілік ететін сала бұқарамен тікелей байланысты.Содан да шығар, әлеуметтік төлемдер сіздің қызметкерлеріңіз арқылы жүргізіледі. Олай болса, биылғы жылғы ерекшеліктерді жеткізсеңіз...
– 2023 жылдың І тоқсанында Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 234 отбасына (1397 отбасы мүшелеріне) 34749,9 мың теңге тағайындалып, төленді.Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жасқа дейінгі балаларына 2022 жылы азық-түлік, гигиеналық құралдар берілетін болса, ағымдағы жылдың қаңтар айынан 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай төленетін болды. Яғни 1 (бір) балаға 5 175 теңгеден. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі жұмысқа жарамды мүшелерін белсенді шараларға тарту барысында 6 адам тұрақты жұмысқа, 23 адам ақылы қоғамдық жұмысқа және 1 адам әлеуметтік жұмысқа жолданды. Сондай-ақ 9 мамыр – Жеңіс күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында төленетін біржолғы әлеуметтік көмектер 40 айлық есептік көрсеткішке (1 адамға 138 000 теңге) көбейту үшін қолданыстағы аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізіліп, келісім алу үшін Қызылорда облыстық Әділет департаментіне жолданды. Осы аталған шешімге өзгеріс енген жағдайда, қосымша бюджеттен қаржы сұратылып, төленетін болады.
–Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасы бойыншақандай жұмыстар жалғасты немесе нендей істер қолға алынды? Осы туралы білсек...
–2023 жылдың І тоқсанында 255 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектігі бар адамдарға 255 жеке көмекші қызмет жасады, жеке көмекшілердің қызметіне 64679,9 мың теңге төленді. 29 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға 5 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті, ымдау тілі мамандарына 2155,8 мың теңге төленді.
Гигиеналыққұралдарғабүгінгітаңға 325 мүгедектігі бар адамдардың гигиеналық құралдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берілген тапсырыстары бойынша 53754,0 мың теңгесі төленіп, гигиеналық құралдары үйлеріне жеткізілді.
Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасына сәйкес: протездік-ортопедиялық көмек– 59 адамға;тифлотехникалыққұралдар– 96 адамға; сурдотехникалық құралдар – 7 адамға; жүріп-тұру құралдары – 21 адамға; санаторлы-курорттық ем 3 адамға Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 17 мүгедектігі бар адам, 1 қарт жолданды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен «Арал ауданы мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігі» 18 жасқа дейінгімүмкіндігі шектеулі 25 балағакүндіз болу бөлімшесі бойынша жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетеді.
Қызылорда қаласында орналасқан №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына мүгедектігі бар 6 адам, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 жалғызбасты қарт жолданды.
Сонымен қатар мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2000,0 мың теңгесі төленді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Арал қаласы бойынша мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді қорғау және қолдау» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалып, олардан 3 автокөлікпен 28 мүгедектігі бар адамдарды тасымалдады.
Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бойынша аудан бойынша 109 мүгедектігі бар балаларға 32 әлеуметтік қызметкер, 92 жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға 18 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
–Қазіргі таңда мемлекет мүгедек жандарға барынша қолдау көрсетіп келе жатқанын білеміз. Қуанамыз, жақсылыққа балаймыз. Өйткені, Ата Заңымызда тайға таңба басқандай адам басты байлығымыз саналады. Олай болса, тағдыр тауқыметін тартып, мүгедектік статусты алғанжанға берілетін жәрдемақыдағы өзгерістерді баяндай кетсеңіз...
– Алдағы уақытта мүгедектігі бар адамға қызмет көрсеткен отбасы мүшесіне жалақы төленетін болады. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер, зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша, отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері қызметке орналасады. Сөйтіп, әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен толық қамтылады.
– Жоспарлы жұмыс алға басады. Әлеуметтік саладағы оң өзгерістің бірқатарынан құлағдар болып, көңіл көншітерлік істердің бастау алғанына қуанып отырғанымды жасыра алмаймын. Бұл мемлекеттің халыққа жасаған ұдайы қамқорлығының жемісі. Енді сізден сұрарымалдағы бағыттарыңыз бен жоспарларыңыз жайында ой бөліссеңіз...
– Мүгедектігі бар адамдарға әзірленген оңалтудың жеке бағдарламаларын 100 пайыз орындау; 2023 жылға аудан бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін 32 инфрақұрылым объектісінің бейімдеу жұмыстарын жыл аяғына дейін толық аяқтау; аудан әкімінің қолдауымен бөлімге қарасты Арал аудандық отбасын қолдау орталығына жұмыстарын жүргізілуде. Бұл орталықтың негізігі атқаратын қызметтері: қолайсыз, өмірлік қиын жағдайда немесе оның туындау қатері аймағында жүрген адамдарды анықтау және оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық көмек алуға жәрдем көрсету;балалар мен балалы отбасыларды өмірлік қиын жағдайда әлеуметтік оңалту мен бейімдеудің жеке бағдарламаларын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады;өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша жұмыстарға қатысады; мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне, осал топтағы азаматтардың жеке қабілеттері, дағдылары ескеріліп, жұмыс іздеулері мен жұмысқа орналасуларына ықпал ету Мемлекеттік қызметтер және басқа қызметтер түрлерін алу үшін құжаттарын рәсімдеу бойынша көмектер беру болып табылады.
– Құрметті Ғалия Тоғысқызы, жоспарлы істеріңіз, бұқара үшін берері мол баянды бастамаларыңыз нәтиже көрсетсін. Ауданның өсіп-өркендеуі жолында жасап жатқан жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, сан шаруа арасында уақыт тауып, әңгімелескеніңізге ризашылығымды білдіремін.
Әңгімелескен А. ЕЛЕШОВ
18 сәуір 2023 ж. 1 326 0