Әлеуметтік салаға қолдау мол

Үстіміздегі жылдың 20 қазанында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалия Тоғысовамен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауынан туындаған негізгі міндеттер төңірегінде әңгіме өрбіттік. Өз кезегінде Ғалия Тоғысова:
–Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы әлеуметтік салаға ерекше қолдауымен ерекшеленді. Әсіресе, Қасым-Жомарт Кемелұлының осынау стратегиялық құжатында атап өткен әлеуметтік сала бойынша ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарайтын кез келгені жөніндегі тұщымды ойы көптің көңілін марқайтты. Осынау Президент пәрменінің нәтижесінде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазірігі 42 мың 500 теңге 60 мың теңгеге дейін көтерілетін болды. Бұл дегеніміз, ауданымыздағы ақылы қоғамдық жұмыстар атқаратын жандар үшін үлкен қолдау екені сөзсіз, – деп биылғы 9 айда атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Сондай-ақ, сұхбат аясында мекеме басшысы Ғалия Тоғысова әлеуметтік төлемдер бойынша да атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, жекелеген санаттар мен мүгедектерді оңалту бағдарламасы негізінде сөз сабақтап, осы мерзімге дейінгі бюджеттен бөлінген қаржы уақытылы игерілгенін алға тартты.
Иә, тарқата берсек, салмақты салада сандарды сөйлететін дерек көп-ақ. Біз тек жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақының артатынын және қиын жағдайға тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан ұдайы көмек көрсетілетінін жеткіздік.
А. ЖАЙШЫЛЫҚ.