Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссияның кезекті отырысы өтті

Комиссияның кезекті отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары К. Бержановтың төрағалығымен Арал ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті үшінші отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Алдымен мүгедектігі бар балалардың жағдайы және оларға көрсетілетін көмектер туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ. Тоғысова хабарлады. Өз баяндамасында 2022 жылдың қорытындысымен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік оңалтудың және жеке бағдарламалар арқылы көрсетілген көмек түрлеріне тоқталып өтті.
Мұнан соң, екінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы М. Марат әлеуметтік желілердегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы сөз қозғады. Махмут Маратұлы қазіргі таңда 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған жастардың арасында интернет арқылы көрсетіліп жүрген түрлі негізсіз ойындар мен бағдарламалар, бейнероликтердің кері әсері туралы айтып, осыған орай шаралар қабылдау туралы ұсынысын жеткізді.
Баяндамашылардан соң, комиссия отырысында талқыланған мәселелерге байланысты Кете-Төлеби Досымжанұлы бөлім басшыларына мүгедектігі бар балалардың оқу үлгерімін қадағалауды, тиісті қолдау шараларын күшейтуді және кәмелетке толмаған жастардың әлеуметтік желілерде жалған ақпараттардан аулақ болуын кеңінен насихаттауды, әлеуметтік желідегі парақшаларын күнделікті назарға алуды жүктеді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
15 ақпан 2023 ж. 278 0