Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әлеуметтің жаршысы

Әлеуметтің жаршысы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімі 2016 жылы корпорацияға қосылғанымен, мекеме тарихы сонау 1997 жылдан бастау алады. Себебі елімізде 1998 жылдың 1 қаңтарында жинақтаушы зейнетақы қоры құрылып, сол сәттен бастап бұл мекеменің жұмысы бір сәтке де тоқтаған емес. Зейнетақымен қатар әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу үлкен жауапкершілікті қажет ететіні сөзсіз. Бүгінде бөлімнің тыныс-тіршілігін білмекке жаңадан тағайындалған бөлім басшысы Еркін Қуантқанұлы Ашықбаевтан сұхбат алған едік.
– Еркін Қуантқанұлы, сіздердегі шағын ғана ұжымның ауқымды жұмыс жасайтынын жақсы білеміз. Мемлекеттік төлемдердің заңдылық аясында төленуі міндеті де сіздер арқылы жүзеге асады. Осы жайында не айта аласыз?
– Иә, ең бірінші кезекте мемлекеттен азаматтарға тағайындалатын тағайындаулардың уақытылы әрі толықтай түсуіне жағдай жасау бірінші орында тұрады. Себебі әрбір мемлекеттік тағайындаулардың артында аудан тұрғындарының тұрмыстық қажеттілігін ай сайынғы өтейтін жәрдемақы тұрғаны белгілі. Мәселен, қазіргі таңда ауданда жасына байланысты зейнетақы алатын – 8106 адам, базалық зейнетақы зейнетақы алатын – 7714, мүгедектік – 2419 алушы, мүгедек бала күтімі – 492 алушы, І топ мүгедек күтімі – 110 алушы, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы – 943 алушы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны 798 алушы бар. Оның ішінде, тыл ардагері – 459, мүгедектігіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - 229 алушы. Мұнан бөлек соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар – 97 адам мемлекеттік тағайындау алады. Мұнан бөлек 2097 көпбалалы ана, 3240 көпбалалы отбасы, 604 ана баланың бір жарым жасқа дейінгі жәрдемақысын алса, мемлекеттік кепілдеме алушылар саны – 38.
Бұлардан бөлек МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдер тағы бар. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем – 267 алушы, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем – 320 алушы, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем – 162 алушы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем – 2247 алушы. Ай сайын жүктілікке және босануға, жаңа туған балаларды асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге 155 адамнан құжат қабылдап, мемлекеттік жәрдемақы төлеп келеміз.
Міне, осынау тұрғынның өздеріне тиесілі көмекке кедергісіз қол жеткізуіне толықтай жағдай жасау қызметтік міндетіміз. Бізде осы міндеттерді білікті мамандар барынша жауапкершілікпен атқарып, халықтың алғысына бөленуде.
– Жалпы қазіргі уақытта сіздердің бөлім арқылы қанша төлем қаржыландырылады?
– Ай сайын 29712 мемлекеттік төлем түрі қаржыландырылады. Жұмыс барысында күнделікті сот орындаушылардан келген сот қаулылары мен шешімдері бойынша төлемдерден шектік деңгейді ескере отырып түрлі ұсталымдар жүргізіледі. Әр айдың соңында келесі айға төлемдерге  қайта есептеуге енгізіледі.
Күнделікті күрделі жұмыс процесіне қарамастан, бас тартулар мен кері қайтарымдарды болдырмау мақсатында халыққа қызмет көрсету мамандарына техникалық сабақтар мен заңнамалық түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Маусым айынан бастап Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімімен, Арал ауданы әкімдігімен бірлесіп екі жақты әкімдікке қарасты мекемелер, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарына «Әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын аударымдарын» түсіндіру мақсатында 2023 жылға құқықтық оқыту сабақтарын өткізу  жұмыс жоспары бекітіліп, жоспар бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде.
– Еркін Қуантқанұлы, осы төлемдерді халыққа жеткізу мен бөлімнің жұмысындағы жариялылық шаралары қай деңгейде?
– Жұмыс жоспарына сәйкес мекеме басшылары, есепшілер және кадр жөнінде қызметкерлер қатыстырылып құқықтық семинар-сабақтар өткізіліп, ай сайын кемшілік жіберген мекемелерді анықтап, кемшіліктерді болдырмау мақсатында бөлек жұмыс жасалуда. Атқарылған іс-шаралар тұрақты түрде әлеуметтік желіге жарияланып отырылады.
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша насихат жұмыстары, заңнамалық өзгерістер мен жаңадан пилоттық түрде жүргізіліп жатқан қызметтерді кеңінен халық арасында түсіндіру, ақпараттандыру бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді.
Бөлімнің имиджін көтеру мақсатында бөлімде түрлі іс-шаралар жасалып келеді, атап айтқанда, туған күндерімен құттықтау,  филиал директорының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттау іс-шаралары, 1 маусым – балаларды қорғау күні бөлім басшының ұйымдастыруымен бөлім қызметкерлерінің балаларына мерекелік кеш өткізілді. Мұрағатшы Крымова Гүлмираның мерейлі 50 жасқа толуына орай филиал директорының Құттықтау хатын тапсыру іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар психологиялық тренингтер өткізіліп тұрады.
Жақында ғана Қарттар күні мерекесі қарсаңында бөлім қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсеткендігі туралы сіздердің басылымда да жарияланған болатын. Бұндай игі іс-шаралар бөлім қызметкерлерінің арасында әріптестік сенім қарым-қатынастың нығаюына, ұжымның ауызбіршілігі артуына өз үлесін қосары айқын. Ал бірлік бар жерде қашанда нәтиже қатар жүреді.
– Әңгімеңізге рақмет, қызметте табыс тілейміз!
Сұхбаттасқан Оңталап ЖОЛДАСОВ
07 қазан 2023 ж. 5 037 0