Көптің үміті Кіші Аралда

– Ел-халқымыздың 2005 жылы Көкарал бөгетінің салынып, Кіші Арал теңізінің сақталып қалуы арқасында көк айдынның біржолата жойылып кетуіне жол бермеуіне алғыстан басқа айтары жоқ. Бірақ осы Көкарал бөгеті салынуында біршама қателіктер кеткен деген пікірлер де бар.

– Көпшілік бір деңгейлі теңіздің жобасын қолдап жүргенін білеміз...
– Иә, бір деңгейлі теңіз жобасын қол¬дап, 2005 жылы салынған бөгетті Балтық жүйесі бойынша 48-50 метрге дейін көтерсек, көпшілік күтіп жүргендей, Арал қаласының маңына су өзінен-өзі келеді. Бұл жерде менде Сырдария өзенінің 120 жылдық көрсеткіштері бар. Соларды зер-делей қарасақ, табиғаттың циклі бойынша кейде 12-13 жыл, кейде 20-30 жылға дейін ылғал мол болса, кейін дәл осындай уақыт бойы су мөлшері азайып кетеді. Бөгетті көтеріп салсақ, су көп жылдары Кіші теңізді барынша толтырып аламыз. Сөйткенде теңіз суының тұздылығы 10 гр емес, 4-5 гр дейін төмендейді. Ал енді келесі циклда 20 жыл жобасында су аз болғанда да, тұздылық 10 гр дейін өсуі мүмкін. Мұндай жағдайда Аралдың байырғы балықтары теңізде тіршілік ете береді. Қазіргі үлкен проблема сол - балық 4-5 есеге азайып кетіп отыр. Осы саланы тіршілік етіп алған елді мекендер Қаратереңде, Қарашалаңда, Бөгенде, Аманөткелде жігіттер балық аулау кәсібін тастап кетіп жатыр. Сондықтан тезірек бір деңгейлі нұсқа бойынша Көкарал бөгетін дереу көтеруді ұсынамыз. Егер бөгетті бекітсек, керекті межеге дейін биіктетсек, келешекте Кіші Аралға Ертістен де су алуымызға болады. Соған жұмыс істеуіміз керек. Бір деңгейлі теңіздің тиімділігі де осында.
– Екі деңгейлі жобасын қолдаушылар да жетерлік. Осы турасында не айтасыз?
– Енді екі деңгейлі теңіз болғанда не болады? Ойлап көрейікші. Жаңа арна жасалу үшін каналдар қазылады. Жаңадан жолдар салынады. Бөгет басына поселке салынады. Ең баса айтатын жай, мұнда Кіші Аралдың негізгі бөлігінің күрт өсіп, осында балықтар шашқан уылдырықтың бәрі өліп қалады. Өйткені Сарышығанақ, Бутаков қойнаулары тайыз болғандықтан, теңіздегі балықтардың келіп уылдырық шашатын жері. Уылдырықтарды шашады да, балықтар қайта тереңге кетеді. Бұл жерде ұсақ организмдер болғандықтан, шабақтар өседі. Балықтың өзінің қыстайтын орны, жайылымы орталық Кіші теңіздегі Шевченко шығанағында. Бөгет салып бекітілсе, Кіші теңіздегі балықтың уылдырық шашу жолын кесеміз. Бұл – бір.
Екіншіден, дариядан келген балық уылдырық шашады. Бірақ балықтың жемі жоқ мұнда. Сондықтан дұрыс өспейді. Ересек балық өсу үшін үлкен жемдер, организмдер болуы керек. Сондай-ақ Сарышығанақта балық қыстай алмайды. Өйткені мұның тереңдігі 4-5 метр ғана. Қыста 1-1,5 метр мұз қатса, оның астындағы балықтың жағдайы болмайды. Сон-дай-ақ дариядан каналдар арқылы келетін судың жоғалу деңгейі жоғары. Ал өз арнасымен аққан судың булануы да, жоғалуы да аз болады.
Жаңадан канал қазылса, булану, фильтрация көп болады. Оның үстіне 100 мың гектар өте үлкен аумақ. Ертең Мырзастан бөгет салынғанда көлдерді ұстап тұру үшін 1,5 куб км су кетеді. Ал мына жобаға 1 куб км су ғана қалады. Бұл су осындай үлкен аумаққа не болады. Қазір Көкарал бөгетіндегі су 41 метр деңгейде тұр, ертең 40 болады, бара-бара 39-ға түсіп кетеді. Бутаковта тұздылық 35 промиль болады. Яғни мұхиттың тұздылығымен тең. Ал біз дариямен келген суды тиімді пайдалануымыз керек. Сондықтан да үлкен жобаларды жасағанда 5-6 жылға емес, 50-60 жылға, тіпті бір ғасырға деп есептеуіміз керек қой.
Екі деңгейлі теңіз туралы айта кететін тағы бір жай, бұл жобаны ирандықтардың алуында белгілі дәрежеде қитұрқылықтар бар сияқты. Өйткені 2009 жылы сол кездегі су шаруашылығын басқарған Рябцевтің кезінде «Казгипроводхоз» жасаған жобасын қайталап тұр. Бұл белгілі бір орталардың мүдделеріне сай қамдалып жатыр ма деп ойлаймыз. Осы жобаны өткізу бағытында көпшіліктің талап-тілектері ескерілмей, жұмыстары жылдам жүргізілуде. Құрылыс жүргізушілер де дайындалып қойылған. Және де жоба үлкен қаржының көзі болып отыр. Ал біздіңше, бұрынғы Көкарал бөгетін биіктетуге ондай қаржы кетпейді.
– Арал қаласының көп тұрғындары: «Теңіз суы қалаға келсе, баяғыдай ырзықтарын көрсек» деп уәж айтады. Біздің білуімізше, теңіз суын Аралға келтіруге тағы бір бөгет салмай-ақ басқа жолы бар екен. Солай ма?
– Қазіргі негізгі мәселені түсіндіргенде, Арал қаласының іргесіне су әкелу үшін Үшшоқыдан бөгет салуды көздейміз дейді. Сол Үшшоқыдан бөгет салмай-ақ суды әкелуге болады. Қалай дейсіз ғой. Біздің қалаға кіріп тұрған бұрынғы теңіздің аумағы «Арал бухтасы» (қойнауы) деп аталады. Осы жерден Балтық жүйесі бойынша ең төменгі өлшем 37 метр деп алынып, 17 шақырымдық канал қазылу керек Кіші Аралға дейін. Арал қаласына жақын жері 500 метр, арғы жағында 300 метр қылса болады. Ол каналдардың тереңдігі 5 метр. Сонда теңіз суы өзінен-өзі бері қарай құлап келеді. Ал каналдың екі жағына бүгінгі күннің талабына сай түрлі демалыс аймақтарын салуға болады. Үлкен көлемдегі Саршығанақты қалпына келтіру міндет емес. Сонда балықтар да келіп уылдырығын шашады. Екінші жағынан Арал халқының, келген қонақтарының демалуына жақсы жағдай жасалады. Жағажайлар да болады.
Алдында айтқанымыздай, Үшшоқыдан бөгет салу үшін жолы бар, электр жүйесі бар және оны ұстап тұру үшін қыруар қаржы керек. Ал мына біз айтып отырған канал қазылса, бір-ақ рет шығынданамыз. Есесіне Арал халқы өзінің баяғы теңізімен табысқандай қуанар еді. Айта кету керек осы нұсқаның идеясын елімізге белгілі атақты су маманы Нариман Қыпшақбаев кезінде айтқан болатын. Осы жобаны да маман ретінде біздер құп көреміз.
– Арал теңізінің тағдыры - әрбіріміздің тағдырымыз. Сондықтан да мұндай үлкен мәселелерге бей-жай қарау мүмкін емес. Бірнеше жылдан бері кейде дауға ұласып кетіп жүрген Арал теңізінің бүгінгі қал-жағдайына байланысты мәселелерді тарата айтып бергеніңіз үшін рахмет.
Сұхбаттасқан: Е. АБДУЛЛА