Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тамақтан уланудан сақтану шаралары

Тамақтан уланудан сақтану шаралары

Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А. Сатекеевамен тамақтан уланудан сақтану шаралары туралы сұхбаттасқан болатынбыз. 
–Тағамнан улану көбінесе қандай нысандарда және қандай жағдайларда  тіркеледі? Тағамнан улану тек қоғамдық тамақтану орындарында ғана болады деп түсінуге болмайды. Бұл күнделікті тұтынып жүрген тағам түрлерінің де адам денсаулығына тікелей байланысты екендігін ұмытпайық. Нәтижесінде үлкендермен қатар балалар арасында да тамақтан улану, не болмаса басқада жағдайлар орын алып жатады. Осыған байланысты сауда орындарынан егін өнім түрлерін сатып аларда олардың сапасына да мән беру қажет, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, тазалап пайдалану қажет. Сонымен қатар тамақтан улану үй жағдайында немесе санитариялық-эпидемиологиялық талапқа сай емес орындарда тез бұзылатын тағамдарды, олардың ішінде кремді, ысытылған балық өнімдері, фасфуттар мен салаттар, басқа да тез бұзылатын тағам түрлерін дайындап, сату да басты себеп болып табылады.
Тамақтан уланудың негізгі себептері қандай?
Бактериялар және басқада тағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мысалы олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі) сонымен бірге тоңазытқышта немесе бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар қауіпті. Ішек жұқпасының симптомдарына жүректің айнуы, құсу, диарея,іштің жиі ауруы мен түйіліп ауруы, т.б. жатады.
Тамақтану уланудың алдын алуда қандай сақтық шараларын ұстанған жөн болады? - Азық-түлік сатып аларда рұқсат беретін құжаттарды, оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды мен жарамдылық мерзімін сұрау.
- Өнім қандай жағдайда сатылып жатқандығына, оны сақтайтын тоңазытқыштың бар болуына назар аудару.
- Ұйымдастырылмаған орындарда, көшеде, жол бойында, базарларда кездейсоқ адамдардан тамақ сатып алмау, әсіресе үй жағдайында дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, салат түрлері, жартылай ысталған балық, сүт, ірімшік, май, кондитерлік өнім түрлерін сатып алмау.
- Бақша дақылдарын, жеміс түрлерін кесілген күйде сатып алмау, себебі микробтар беткі қабаттан жұмсақ жеріне қарай жылдам өтеді.
- Арзан бағамен сатылып отырған түрі нашар, бұзылған жемістерді алмаңыз, оларда улы заттар (афлотоксиндер мен нитрозаминдер) көп болады.
- Етті, құс етін, жұмыртқаны пісіру алдында және көкөніс пен жемістерді мұқият жуыңыз.
- Мал сүтін қайнатқаннан кейін ғана пайдалану.
- Дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, себебі суық бактериялардың көбеюуін тоқтатады.
- Ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз.
- Әңгімеңізге рақмет.
Әңгімелескен: К. Зденова
13 қаңтар 2025 ж. 49 0