Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Нәтижелі жұмыс жетістікке жетелейді

Нәтижелі жұмыс жетістікке жетелейді

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 1993 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені» қабылдап, Республиканың төлқұжаттық-визалық қызметі қайта құрылды.
1999 жылы төлқұжаттық-визалық қызмет көші-қон полициясы деп аталды. Органның қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді.
Әр қызметтің өзіндік маңызы, қызығы мен шыжығы болатыны рас. Мемлекеттік қызметте, соның ішінде көші-қон қызметінде еңбек ету үлкен жауапкершілік пен қатаң тәртіпті талап етеді. Әрине ер мінезді тұлғаларды осы мамандыққа сай десек те, жаны нәзі арулар да бұл мамандық саласында жұмыс істеп жүргендер де бар. Соның дәлелі көші қон қызметі тобының аға инспекторы – Гүлжанат Әбдікереева.
Көші-қон қызметімен айналысатын полиция – бұл тек шетел азаматтарының елде жүру ережелерін сақтауын бақылау ғана емес, сонымен қатар құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету, құқықтар мен міндеттерді түсіндіру. Инспектордың миграциялық қызметіндегі күнделікті жұмысы азаматтарды қабылдаудан басталады. Жұмыс барысында әртүрлі сұрақтармен келушілер көп. Біреуі уақытша тұруға рұқсат алғысы келеді, ал біреуі тек кеңес алуға мұқтаж. Гүлжанат Жақсыбай қызы әрқайсысын мұқият тыңдап, қиын жағдайларда көмектеседі, әрекет ету тәртібін түсіндіреді. Құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген погондағы ару Гүлжанат сұхбаттасып, қызметтік ерекшелік туралы білудің сәті туды.
– Гүлжанат ханым, көпшілік полиция қызметкері болу – көбіне ер адамдарға лайықты жұмыс деп түсінетіні жасырын емес. Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды? Еңбек жолыңызды қысқаша айта өтсеңіз…
– Тәртіп сақтау, құқық қорғау – әрбір азамат міндеті. Менде осы ұстанымды өмірлік жолым етіп таңдап, сала маманы болуды бала кезден армандадым. Арнайы киім үлгісінде киінген аруларды көргенде қатты қызығатынмын. Содан туған қызғушылық мені осы жолға әкелді. Арман жетегімен құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алып, салада қызмет етуге мүмкіндік туды. Осылайша, 2003 жылдан бері құқық қорғау саласында еңбек етемін. Қазіргі таңда Арал қаласы көші қон қызметі тобының аға инспекторы болып жұмыс істеймін.
Әрине, нәті нәзік болғасын, қызмет барысындағы қатал тәртіп оңайға соқпайды. Оның үстіне бір әулеттің түтінін түтетумен қатар жұмысты игеру оңай дүние емес. Десе де өмірлік таңдау мен мамандыққа деген сүйіспеншілік алға сүйреп, ауыр жүкті еңсеруге дем беруде. Жемісті нәтиже көрсетуіме отбасымның да үлесі зор.
– Жұмысыңызда атқаратын функционалдық міндетіңіз қандай?
– Қазіргі таңда «Халыққа қызмет көрсету орталығында» көші қон қызметі тобының халықты құжаттандыру, тіркеу, тіркелім  функітінде азматтарды Қазақстан Республикасының жеке куәлігі және төлқұжат бойынша құжаттандыру болып табылады. Қиындығы мен қызығы қатар жүрген қызметте маман бойынан жауапкершілік, Отансүйгіштік секілді қасиеттің болуы шарт. Онсыз атқарған іс, артылған міндет толық өтелмейді деп есептеймін. Себебі нәтижелі жұмыс жетістікке жетелейді. Саладағы еңбек ескеріліп, Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталдым. 20 жыл қызметтік абыройымның арқасында салада алған жетістігім мол. Бұл менің осы қызметтегі халыққа көрсеткен міндетім мен қатар жеткен жетістігім деп білемін.
– Өз салаңызға байланысты халыққа берер ақпаратыңыз болса...
Жеке куәліктін күнінен асып кету мерзімі жақындап қалса уақытынан бұрын келіп құжат тапсыруга болады. Ал егер жеке куәліктің уақыты өтіп кетсе 10 күн ішінде тапсыру қажет, уақыты өтіп кеткен жағдайда 10 күн кешікпей тапсыру керек. ҚР АҚВтК 492 бабының І бөлігіне сәйкес 1 айдың ішінде ескерту беріледі. 492-бабының ІІ бөлігі бойынша айдан асып кетсе, айыппұл салынады. Айта кетер тағы бір ақпарат ол тқлқұжат пен жеке куәлік бағасы.  Жеке куәлік 786,40 теңгені құрайды. Ал төлқұжатқа 16 жасқа дейінгі балаларға 15728теңге және 16 жастан асқан азаматтарға 31456теңге төлеп дайындай алады.
– Сіздің ойыңызша, үлгілі полиция қызметкері қандай болуы тиіс?
– Жалпы өмірдің өзінде үлгілі болу қиын. Бір жағыңнан үлгілі болып танылғанмен, екінші жағымыз ақсап тұруы мүмкін. Бұл өмірдің заңдылығы деп білемін. Полиция қызметі халықтың сенімді тұлғасы. Тәртіпке бас иген құл болмайтыны» бәріне аян» Ең алдымен тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Полиция қызметкерлері қызмет бабында салғырттық танытпауы тиіс. Ең бастысы, үлгілі полиция туыстықтан гөрі турашылдыққа бет бұратын қызметкер болу қажет. Оған қоса үлгілі полицей ең алдымен тәртіпті өзінен бастағаны дұрыс секілді. Жауапкершілікті арттырып, Отан алдындағы антына берік болып, қысылтаяң шақта төзімділік таныта білсе, ең үлгілі қызметкерге айналатынымыз анық. Бұл менің өмірлік ұстанымым.
Күнтізбеде 5 сәуір көші қон полициясы мерекесі етіп бекітілген. Кәсіби мерекеде сала мамандарын құттықтаймыз! Ел мүддесі үшін полиция қашанда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қәуіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жауапкершілігі мол қызмет атқаруда. Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілейміз.

Нұрай ӘМІРХАНОВА 
07 сәуір 2025 ж. 32 0