Бауыржан МАХАТОВ: «МӘДЕНИЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ӨЗЕГІ»
Арал өңірінде ұлттық мәдениетті жаңғырту, халықтық өнерді насихаттау, жас буынды рухани тұрғыда тәрбиелеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Осы орайда біз «Арал ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Бауыржан Iбрашұлымен сұхбаттасып, 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен жаңалықтар туралы әңгімелескен едік.– Бауыржан Iбрашұлы, алдымен мәдениет саласының қоғамдағы орны туралы айтып өтсеңіз.
– Мәдениет – халықтың рухани тірегі, ұлттың болмысын сақтайтын теңдессіз құндылық. Ол – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір, ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы. Адам дамуы мәдениетке тікелей байланысты. Сондықтан біздің міндет – ұлттық құндылықтарды сақтап, оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу, заман талабына сай жаңғыртып отыру. Арал ауданындағы мәдениет мекемелері халықтың рухани сұранысын өтейтін орталық қана емес, ел бірлігін бекемдейтін қоғамдық алаңға айналып отыр.
– 2025 жыл мәдениет саласы үшін қалай басталды? Қандай айшықты іс-шараларды атап өтер едіңіз?
– Жыл басынан бері аудан көлемінде 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес бірқатар айтулы шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – журналист Сахитжан Бермағанбетовті еске алуға арналған «Аққан жұлдыз» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл!» атты концерт өтті.
Ал ең ауқымды шаралардың бірі – Мемлекет басшысының Жаңа Наурыз тұжырымдамасы аясында 14-23 наурыз аралығында ұйымдастырылған «Наурызнама» онкүндігі. Әр күн белгілі бір ұлттық құндылыққа арналды: Көрісу күні, Қайырымдылық күні, Шаңырақ күні, Ұлттық киім күні, Ұлттық спорт күні, Жаңару күні және т.б. Қойылымдар, концерттер, байқаулар мен этномәдени көріністердің барлығы халықтың зор қызығушылығын туғызды. Онкүндік жерлесіміз Жанболат пен Жазираның мерекелік концертімен қорытындыланды.

«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен республика көлемінде қолға алынған «Әже – ұлт ұйытқысы, тәрбие бесігі» атты эстафеталық жобасы аясында аудандық деңгейде әжелер форумы, дарынды жыршы, талантты күйші кешегі Нұртуған, Дәріқұл, Әбілхан, Сұрағандардың сарқыты, бүгінгі жыршылардың көшін бастаған жерлесіміз эпик жыршы, әнші, этномузыка танушы Берік Мырзалыұлы Жүсіповтың «Сүлейдария» деп аталатын сыр-сұхбат кеші өтті. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты аймақтық ақындар айтысына еліміздің әр өңірінен және көршілес Қырғызстаннан суырыпсалма өнердің жүйріктері жиналып, айтыс сахнасында Ұлы Жеңіс тақырыбын кеңінен қамтып, майдан мен тылдың ауыртпалығы, аналардың төзімі, боздақтардың ерлігі, халықтың бірлігі мен қазіргі тәуелсіздік жолындағы жетістіктерді жырға қосты.
– Аудан өнерпаздарының жетістіктері жайлы кеңірек тоқталсаңыз...
– Аралдық өнерпаздар 2025 жылы түрлі деңгейдегі байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп, аудан абыройын асқақтатты.
Мысалы, жас айтыскер Бексұлтан Орынбасаров «Күміс домбыра – 2024» республикалық айтысында жүлделі орын алып, биыл Астана қаласында өткен «Алтын домбыра – 2025» бәйгесінде I орынды жеңіп, темір тұлпар мінді. Бұл – ауданымыз үшін үлкен мақтаныш.
Халықаралық «Бозторғай» байқауында «Ақмешіт» домбырашылар ансамблі II орын, облыстық және республикалық конкурстарда ауданның көптеген әншілері, термешілері, көркемсөз оқу шеберлері жүлделі орындарға ие болды. Әсіресе Дәулеткерей Қуантқанов, Айгерім Таңатова, Хасенхан Кішкенеев сияқты өнерпаздардың жетістіктерін ерекше атап өткім келеді.
Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, ақын-сазгер Шынберген Сүлейменовтың 50 жас мерей тойына арналған «Шынбергеннің сырлы әуені» атты облыстық әншілер байқауынан Арал аудандық мәдениет үйінің әншісі Айгерім Таңатова Бас жүлде иеленді.
«Жаңа Қазақстан: Жасампаз ел мұраты» атты мәдениет үгіт бригадасының облыстық байқауында аудандық мәдениет үйі жанындағы «Көңілашар» халықтық үгіт бригада тобы Бас жүлде иеленді.
Қазалы ауданында өткен Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Сағынышқа айналған сазгер» атты облыстық әншілер байқауында аудандық мәдениет үйінің әншісі Нұрәлем Лайық Бас жүлде иеленді.

– Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыр-терме үйірмелерінің жұмысы қалай жүргізілуде?
– Бұл – біздің ең басты бағыттарымыздың бірі. Себебі жыраулық дәстүр – Сыр өңірінің ғана емес, күллі қазақтың рухани өзегі. 2025 жылдың сәуір айында өткен облыстық «Бозторғай» байқауында жыр-терме үйірмесінің бірнеше оқушысы жүлделі орындарды жеңіп алды.
Сонымен бірге жыршы Рысбек Әшімовтің 70 жылдығына арналған аудандық жасөспірім жыршы-термешілер байқауы өтті. Онда 8-12 және 13-16 жас санаттарында үздіктер анықталып, бас жүлде иегерлері марапатталды.
9 мамырда Қойшыбай Қауметұлын еске алуға арналған «Теңізге құйсын бұлақ жыр...» фестивалі өтті. Бұл да – жас дарындарды ынталандыратын маңызды мәдени жоба.
– Жыраулық өнерді цифрлық форматта сақтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр екен. Осы бағыттағы жоспар қандай?
– Иә, бұл – біздің үлкен мақтанышымыз. Қазақ руханиятының алтын қазынасы – жыраулық дәстүрді сақтау, ұрпаққа аманаттап жеткізу мақсатында Қызылорда қаласындағы Жыраулар үйіндегі арнайы дыбыс жазу студиясына «Арал аудандық мәдениет орталығы» КМҚК-ның директоры Айна Тұяқова, Ғанибек Өмірзақов, Гүлжамал Бейсова, Зәуре Ізекешова сындыжыршы-термешілер өз жыр қорларын таспаға жаздырып қайтты. Бұл – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан поэтикалық қазынасын заманауи форматта сақтап, кейінгі буынға түпнұсқа қалпында жеткізудің маңызды қадамы. Алдағы уақытта мәдениет орталығының жырау, жыршы-термешілері А.Тәңірбергенов, А.Сүйеуова, А.Жоламановтардың жыр қорларын таспаға жаздыру жоспарлануда. Бұл – жыраулық мектептің түпнұсқа мақамдарын келешек ұрпаққа сол күйінде сақтау мақсатында жасалған маңызды қадам.
Алдағы уақытта тағы бірнеше жыршылардың жыр мұраларын жаздыру жоспарымызда бар. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады.

– Сала қызметкерлерінің жетістіктері жөнінде айта кетсеңіз...
– Биыл біздің мәдениет орталығы үшін үлкен қуаныш болды. 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай жырау, «Жаңаберген жырау» үйірмесінің жетекшісі Айбек Тәңірбергенов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл – тек ұжымымыздың ғана емес, бүкіл аудан мәдениетінің мерейі.
Қазалы ауданында өткен Сыр сүлейі, шайыр Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлының 175 жылдығына арналған «Ұлағат жырым ұрпаққа» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауында мақпал мақам, сұлу саз арқылы ерекше өнер көрсетіп, баба мұрасын ұлықтағаны үшін мәдениет орталығының «Нұртуған шайыр» үйірмесінің жетекшісі жыршы-термеші Гүлжамал Бейсова ІІ орынды жеңіп алды. «Ә.Маханов» үйірмесінің жетекшісі жыршы-термеші Айнұр Сүйеуова алғыс хатпен марапатталды.
Қармақшы ауданында өткен Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының қолдауымен, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Үздік үйірме жетекшісі – 2025» облыстық байқауынан Арал аудандық мәдениет орталығының «Рысбек Әшімов» атындағы жыр- терме үйірмесінің жетекшісі Лиза Жаханқызы жүлделі 1 орындыиеленсе, «Әбілхан Маханов» атындағы жыр-терме үйірмесінің жетекшісі Айнұр Сүйеуова жүлделі 2 орынға ие болды.
– Алдағы мақсат-міндеттеріңізбен бөліссеңіз.
– Басты мақсатымыз – ұлттық руханиятты сақтай отырып, жастарға сапалы мәдени тәрбие беру, жаңа жобалар арқылы мәдени орта қалыптастыру. Батыстық мәдениеттің озық үлгілерін қабылдай отырып, өзіміздің төл мәдениетімізді жоғалтпау – негізгі ұстанымымыз.
Қызметкерлерімізбен бірге алда да аудан мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге, жыраулық өнерді дамытуға, талантты жастарды қолдауға бар күшімізді саламыз.

– Бауыржан Ібрашұлы, саладағы жетістіктерді жан-жақты қамтыған сұхбатыңыз үшін рахмет.
Әңгімелескен Н.МАРАТҚЫЗЫ
Әңгімелескен Н.МАРАТҚЫЗЫ