"Әншілік маған рахат бермеді": Бағлан Әбдірайымов құмар ойындары мен өз жолын тапқаны туралы
Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға салынғандығын жыл басында отандық Youtube-бағдарламалардың біріне берген сұхбатында халыққа бүкпесіз айтқан еді. Одан бері әнші өмірінде не өзгерді, қандай жаңалықтары бар, берген сұхбатынан оқыңыздар.
«Жігіттер» квартетінде не жаңалық? Көп болды көрінбей кеттіңіздер. Жаңа ән, жаңа бейнебаян да шықпай кетті...
Былтыр 15 жылдықты өткізгеннен кейін осы жылдың басында Моңғолияда, сондай-ақ Ыстамбұл, Ташкент қалаларында концерт беріп қайттық. Қазір жігіттер демалыста. Оның үстіне жақсы әндер іздестіру үстіндеміз. Жігіттерге де осындай үзіліс керек деп ойлаймын. Өйткені, өзіңді дамытуға, өзгерістерге және басқа да ойда жүрген жоспарларды жүзеге асыруға керемет мүмкіндік болып тұр.
Кейбір көрермендеріңіз бұл үзілісті топ тарағалы жатыр ма деп ойлауы мүмкін...
Топ тарайтын болса жігіттер көп нәрседен ұтылады. Неге десеңіз, 15 жылдан аса қол соғып, қошемет көрсетіп келе жатқан көрермендерді, тыңдармандарымызды сатып кеткендей боламыз. Біз - төрт үйдің баласы - бір үйдің баласындай ауызбіршілікті көрсетіп, тату-тәтті өмірді насихаттап келе келе жатырмыз. Кейбір үйдің төрт баласы бір үйге бастары сыймай, дүниеге таласып жатқанын көріп жүрміз.
"Жігіттер" тобы - бренд. Әркім өз шығармашылығымен айналысса да, "Жігіттер" тойға тәуелді болмаса екен деген ойымыз бар. Өкінішке орай көпшілік жағдайда тойға тәуелді болып қаласың. Топтағы жігіттер қандай кәсіп жасаса да, кім қандай шығармашылықпен айналысса да, түпкі қазығымыз "Жігіттер" болып қалады.
"МузАрт" тобы өз ізбасарларын халыққа таныстырды. "МузАРТ Live" жобасын жарыққа шығарды. Сіздер де ізбасар дайындау ойда бар ма?
Топты жетектеп жүру қиын шаруа. Оның үстіне төртеуміз өзімізді тек әнші ретінде қалыптастырғаннан кейін продюсерлік қабілетіміз шамалы. Кезінде қолымызда жас әншілер болғанда, істей алмадық. Қуандық Рахым бастапқыда менің қоластымда болды. Бір-екі ән жаздырған соң ол "МузАРТ Live" жобасына қатысуға рұқсат сұраған соң жібердім. Шынына келгенде біреуге егелік жасайтындай өзімнен қабілет байқамадым. Өйткені менің де қаншама кемшіліктерім бар. Тек ән айтқаным болмаса, өздігімнен тиянақты бір істің басын бастап, соңына дейін жеткізіп, "міне, мынау менің жасаған дүнием" деп те айтпаппын. Басы бар, аяғы жоқ болып қалып жатыр.
Топ продюсері - өзіңіздің ағаңыз Ерғали Әбдірайымов. Өз ағаңызбен бір салада жұмыс істеу қаншалықты қиын? Еркелігіңізді көтеріп, қателіктеріңізге көз жұма қарайтын шығар...
Бір қиыншылығы барлық адамдармен тіл табысып емін-еркін сөйлескеніммен, дәл Ерғали ағаммен олай сөйлесе алмаймын. Бұл үйдегі тәрбиенің әсері шығар. Ол кісінің көзінше жаман сөйлемей, айтқанын тыңдап, субординация қатты ұстап жүремін. Топтан бірінші таяқ жейтін адам болса, ол - мен. Бұрындары қатты ұрысатын, қазір ұрыспаса да батырып айтады.
Ағаңыз туралы ақшаны өзі ұстап, жігіттерге бермейді екен, жігіттерге жағдай жасамай, сараңдық танытады екен деген сыбыстар бар. Осы қаншалықты рас?
Бір талай уақытқа дейін бізге қаржы ұстатпағаны рас. Дәл қазір ойланып қарасам, жанып шоққа түсетін кезімізде қолымызға ақша бермегені дұрыс болған екен. Өйткені бесіктен беліміз шықпай жатып, бәлеге ұрынып қалуымыз мүмкін еді. Есейдік дегеннің өзінде шалыс басып қалатын кезіміз болып жатады.
Алматы жұршылығы үшін қатты ұстады деген сұмдық болып көрінуі мүмкін. Біздің ауыл жақта ағалар мен інілердің қарым-қатынасы осындай. Бізге таңсық дүние емес. Қатты ұстағаны рас. Бізден үлкендігі бар, бала кезден Алматының тыныс-тіршілігін біліп, адамдарын әдбен таныған. Негізі Ерғали көпті көрген, оқымаған "психолог".
Ал басқа жігіттер наразылық білдіріп, ренжіген кездері болған жоқпа?
Өзіміз ауылдан алып шаһарға енді ғана келіп, не істерімізді білмей жүргенде қалай ренжиді?! Тек жетекке жүретін болып келдік.
Инстаграм парақшаңызда оқырмандарыңыздың арасында лотерея ойнатып жатырсыз? Осы туралы бір ауыз
15 жылдан бері жеке өзім қаншама әндер жаздым. Лотерея ойнату үнтаспаны жария етудің бір тәсілі. Тек үнтаспаны жарнамалап қойуыма болар еді. Бірақ үш бірдей көлікті, одан бөлек басқа да көптеген сыйлықтарды ұтысқа қойдық. Біздегі мүфтият лотерея деген харам дегенді айтып жатады. Харам қай кезде болады? Егер сен билет сатып алған 10 мың теңгені далаға құятын болсаң, ақшаңды тігіп қойып, бір машинаның бетіне қарап отыратын болсаң. Ал мына лотереяда менің қанша жылдық еңбегім жатыр. Екінші - 200-дей электронды кітап сыйға беріледі. Оқыған адамға білім екені даусыз. Тағы бір адамға баспаналы болу мүкіндігі бар. Демек жаратқан ақша текке кетпейді.
Біреудің ала жібін аттап, алаяқтықпен айналысып жатқан жоқпыз. Өзіңнің тауарыңды сату жолында жасалған маркетингтік жоба деп қарау керек. Кітапты алған адам оны оқу-оқымауы өз еркі. Бірақ сол кітаптардағы бір сөзден өзіне керегін тапса, мендік арманның орындалғаны.
Лотереяның әділ өтетініе сенімсіздікпен қарап жатқандар да бар шығар. Қалай сендіресіз?
Көпшілік болғаннан кейін ондай болмай қомайды. Оларды мен емес, ісім сендірсін. Құр сөзбен әділ өтеді дегенше, аманшылық болса халық алдында есебін берермін.
Жылдың басында Аман Тасығанға сұхбат беріп, құмар ойындарға деген бұрынғы әуестігіңіз туралы шын мойындап, енді осы жолға түскен жігіттерге тренинг өткіземін деп едіңіз. Онда не айтасыз?
Адам тән мен жаннан жаратылған. Тәні әбден семірген кезде, жан қысылып қалады. Жан байғұс өзіне азық іздей бастайды. Бұрыс жолға түскен соң ортаң да өзгереді. Рухани әңгіме айтатын адам болмайды, хадис, Құран сөзі бойыңа сіңбейді, ақпарат қабылдамайсың, іштегіні сыртқа шығара алмайсың. Сонда өзіңнің жаныңды түсінетін адамды іздей бастайсың.
Маған келген адамдарға басымнан өткенді айтып, шығудың жолдарын түсіндірген соң, оларда үміт оты пайда болады. Әбден қарызға кірген адамның өзін бағалауы өте төмен болады. Өйткені отбасындағы, айналасындағы адамдар «бұлай жүргеніңше өлгенің жақсы, итсің» деген сынды нешетүрлі ауыр сөздерді айтады. Сол кезде адам өзін-өзі өлтіруге дейін барады.
Тренинг дегеннен гөрі семинар деген дұрыс шығар. Мен оны бастап кеткелі біраз болды. Қарызға батып, шығалмай жүрген 7 жігітпен кездесіп, сөйлесіп, шығудың жолдарын айтып, түсіндірдім. Ол үшін ешқандай да ақы алмадым. Соңғы рет бір жігітпен сөйлесіп отырып түсінгенім, бұл жұмысқа энергия көп кетеді екен. Өйткені біреудің жыртығын жамаймын деп, өз жараңды тырмалайсың. Шынын айтқанда, психологтардың жұмысын істеп кеттім. Бастапқыда қуанып мәз болатынмын. Кейіннен қиын нәрсе екенін түсіндім. Оның үстіне қатты ойнайтын құмар ойыншылар маған келмейді. Маған келіп жүргендер құрдымға кетіп бара жатқандарын түсінген, шығатын жол іздеп, дымы таусылғандар.
Мұнымен айтпағыңыз семинар өткізуді қойдым дегеніңіз бе?
Жақында ғана Қарағандыға концерт қойдым. Бүкіл концерт бойына 10 ғана ән айттым. Қалған уақыттың бәрінде әңгіме айттым. Ең ерекше концерт болды. Бастысы халыққа ұнады. Оның үстіне әр әннің алдында ол әннің тарихын, айтар ойы мен берер тәлімін халыққа жеткізіп барып айтсаң, тыңдарманға мүлде бөлек әсер сыйлайды. Мысалы, «Біздің елдің жігіттері» деген термені айтар алдында Ахаң мен Жахаң туралы, ел ішіндегі танымал емес еңбегі елеусіз батырлар туралы айта келіп, руханияттан сусындатып, намысты қозғап барып әнді орындасаң, халық басқаша сезіммен қабылдайды.
Сол сияқты «Бағала» әнін айтарда да қыз бала бұзылса, ұлт бұзылатынын, қыз баланың орны мен рөлі ерекше екенін түсіндіріп, гүлдей нәзік екенін, қазақтың барлық қызы бақытты болуға лайықты екенін, Домалақ анамыз жайлы тарихты еске салып, әнді орындағанда халыққа айрықша сезіммен жетеді.
Концерт жиі қоятындықтын, кейде жүйкем тозып шығатын. Бір жағы халық жан-жақтан жұлмалап, мазаны алатын. Бұл жолы ондай болған жоқ. Бәрі сабырмен, сыпайы, мәдениетті. «Жақсы демалып қалдық» деп үлкен кісілер алғысын айтып, бата беріп жатты. Сондықтан семинар дегенді бағытта дамытуға болады. Әңгімем ұнамай бара жатса, әніңді айт деп айтарсыздар деп қалжыңдап қоямын. Халықтан ешқандай да кері пікір келген жоқ. Керісінше, зал ерекше ынтамен тыңдап отырды.
15 жыл ән айтып келіп, енді семинар өткіземін десем халық мынаған не болған дейді. Мен ештеңе өзгерткен жоқпын. Концертімде тек ән емес, рухани тәлімі бар әңгіме қостым. Өз формуламды таптым ғой деймін.
Қазіргі таңда өміріңді өзгертем, бай боласың дейтін коучтар көбейген. Оның ішінде өзіңізге жақсы таныс Құралай, Айнұр ханымдар бар. Халыққа обал деп ойламайсыз ба? Солардың қатарына сізде қосылдыңыз ба?
Обал емес. Семинарлардың пайдасы көп.
Оның пайдасын семинарға барған адам ғана түсінуі мүмкін. Аңқау елге арамза молда, ақшаның көзі деп сынап айтатындар көп...
Айтарым - біреудің қалтасын санамау керек. Мен де басында таңқалып: "Айнұр керемет ақын ғой. Неге бұл іске көшті", - дейтінмін. Өзім қызыққанан кейін керемет дүние екенін түсіндім. Өйткені, біз бәрін білеміз. Бірақ ұмытшақпыз. Жол сілтеп, бағыт-бағдар беретін адам керек. Шет елдің психологтары ойыңдағыны аспанға, космосқа жолдаңдар деп жатады. Түптеп келгенде бұл айтылғандардың бәрінің астары, түп қазығы исламға келіп тіреледі. Космос деп отырғаны Алла емес па? Әлемдік деңгей болған соң тек исламмен шектелмей, ғылыми тілде түсіндерген түрлері гой.
Бағланның әншілікті тастап коуч-тренер болып кететін ойы бар ма деген сұрақ мазалады.
Әншілікті тастамаймын. Маған бұл дүниелер қызық. Шынымды айтсам, өзіме керегімді таптым. Алдында ән айтқым келмей қалған кездер болды. Не істерімді білмей, өзімді жоғалтып алдым. Ақырындап кітаптар оқып, ортамды өзгерте бастадым. Ойымда өзгере бастады. Жасымыз 35-ке келіп, барлық нәрсе өзіңнен бастау алатынын түсіндік. Жеткен жетістігің де, көрген қиындығың да өзіңнен.
Өзімді жоғалтып, не істерімді білмедім дегенде әншілік сіздікі емес деген байламға келдіңіз ба сонда?
Әншілік маған рахат бермеді, менікі еместей көрініп кетті. Өйткені, 15 жыл жүріп не бітірдім, бұл өмірде не істеп жүрмін деген сұраққа жауап таппадым. Өтірік мақтауға семіріп жүре беріппін. Қаншама рухани жерлерде, ортада болғаныммен ешбір әңгімені шынайы түйсініп қабылдамаған екенмін. Жүрекке қонбаған. Оған себеп, өмірлік миссиямды түсінбегенмін.
Шынымды айтсам, сол құмар ойынға барғаныма, сабақ алғаныма, Аманға сұхбат бергеніме, басымнан өтіп жатқанның бәріне қуанамын. Мың да бір шүкір айтамын. Өйткені сол жолға бармағанымда қазіргідей әңгіме айта алмас едім. Алған машинамды, ішкен тамағымды, гонорарымды айтып отыратын едім.
Адам құмар ойынға барар жолда бару, бармау деген екі таңдау тұрады, жолды таңдайтын өзі. Былыққа батқан соң «Ер жігіттің басына нелер кетіп не кетпес» деу жұбаныш үшін айтылған дүние емес пе?
Жоқ, қайрау үшін айтылған дүние. Қазақта бір мақал жұбаныш үшін айтылмаған. "Алдағаннан гөрі алданған жақсырақ" деген мақалды есітігенде таң қалдым. Себебі алдансаң, арың кірленбейді. Алланың берген өміріне сүмеңдеп ит өмір кешу үшін келген жоқсың. Оның үстіне бұл өмір сынақ. Өмірден ләззат алып қалу үшін келген жоқсың. Сынақ өмірге емтиханнан өтуге келдің, мәңгілік мекеніңе барасың. Бірақ келген жұмағыңа қайта кіру үшін осы өмірде түрлі сынақтан өтуің керек. Сонда қазақ айтады: нелер келіп, не кетпес деп.
Енді біреулер өмірге бір рет келдік па ішіп көре салайық, тартып көрейік, харам екенін біліп тұрса да, барып көре салайық деген кезде құрдымға кететіндер бар. Жаратқанның әміріне құлақ аспай, оған қарсы келу.
Өзіңіз құмар ойындарынан толықтай арылдыңыз ба?
Сөзбен емес, іспен дәлелдейін.
Осы жолдан айырылуыңызға не себеп, кім түрткі?
Сенім. Кез-келген нәрсенің бастауы бар, соңы бар. Бастапқыда қарыздандым. Ойландым. Бауырларыма, әке-шешеме уәде бердім. Қойдым дедім. Біраз уақыт өткеннен кейін ешкім көмектескен жоқ. Шаруаларымды жасап, қаражат таба бастадым. Екі-үш айдан кейін қайтадан бардым. Берген уәдемнің бәрін бұздым. Екінші рет барып жүргенде басқаша көзқараспен анализ жасап қарай бастадым. Кімдер ойнайды? Не үшін ұтыламын?
Іше бастаппын, ойынханаға келу үйреншікті нәрсеге айналған. Қаланың тірлігі қызық емес, бос уақытың болса, сол жаққа кеткің келіп тұрады. Уақыт өте келе айнаға қарасам, бұрынғы Бағланды таппай қалдым. Содан басталды. Қарызымды қалай жабам деп сұрақ қоя бастадым. Іштей боқ-сідікке де ақша таптың, демек жақсы өмір сүруге де ақша таба аласың дедім.
Жылғаның да бір шетін ашып жіберсең, ақырындап аға бастайтыны сияқты Аманға сұхбат берген соң арқамнан жүк түскендей болды. Сол сұхбаттан кейін әрекет басталды. Жүзім ашылып, шындығымды халыққа айттым. Ішіме бәрін тығып жүре алмадым. Біреудің баласының тұсауын кесесің, аузына түкіресің, кейбір дастарханда бата берессің. Енді өзіңіз ойлаңызшы, ішің толған жын-жыбыр, сырттай бата беріп әулие болып жүрсің. Соның бәрі мазаны алды. Сол сұхбаттан кейін өткенімді тастап, тынымсыз әрекетке көштім. Айналамдағылар мендегі қатты өзгерісті байқады.
Сол сұхбатты берген соң өкінген кезіңіз болған жоқ па?
Біздер халықтың баласы дегенді көп айтамыз, ендеше неге жасырып, қысылуым керек? Қандай шешім қабылдасаң да "Бұл ісіме Алла разы бола ма" деп өз-өзіңе сұрақ қойсаң, шешімі табылады. Мен сұхбатқа бара жатқанда табалайтынын, қаралайтынын білдім. Кез-келген нәрсеге дайын болып бардым. Осы сұхбатыма Алла разы болатынын жүрегім айтты. Неге десеңіз әрбір үшініші отбасыда осындай мәселе кездеседі. Мені тыңдап көрген соң кейінгілерге сабақ, үлгі болса екен деген ниет болды. Сұхбаттан кейін алғысын айтып, қолымнан алып ризалығын білдірген жігіттер бар.
Аман сізді бұл сұхбатқа қалай көндірді? Не дегенмен халық алдында өз былығыңды мойындау оңай емес. Әлде бұл сіздің бастама болды ма?
Жан азық іздегенде сұхбаттасып, әңгімелесіп, шер тарқататын адам керек болады. Бірінші Аман осы тақырыпта сұхбат жасайық дегенде қарсы болдым. Бірақ уақыт өте келе сұхбатқа дайынмын деп шешім қабылдадым.
Адам өз қиындығынан шығатын жол іздеу керек. Өзіңнің деңгейіңді көтеруің керек. Кез-келген мәселені шешу үшін жүректі тыңдап, рухты ояту керек. Шынымды айтсам, қазір рахаттанып өмір сүріп жүрмін.
"Ақ пен қара" деген кітап жазып қойдым дедіңіз. Кітап туралы бірер ауыз сөз.
Кітапта жоғарыда айтылған барлық мәселелер қамтылған. Тек тереңінен қозғалды. Казино туралы айтылады.
Бәріміздің бір ғана ұлы миссиямыз бар. Қайдан келдің, сонда қайту. Бірақ осы сынақ өмірде айналаңа пайдалы болу - бастысы. Осы өмірде жақсы адам кім дегенде, адамның адамға пайдасы тигені. Миллион қазақтың баласы кітапты оқып, осы жолға бармайтындай ойы өзгеретін болса, құрдымда жатып, кітапты оқып, орнынан көтерілуіне титтей де пайдам тиетін болса, арманымның орындалғаны.
Отандық әншілердің арасында сахнаға ішіп шығатындар көп дейді, рас па осы?
Жаратушының ескертуіне құлақ асу керек. Ескертуге құлақ аспаса, осы өмірде бәрібір алдынан шығады. Бұл өмірде алдынан шықса, қуану керек. Кері жағдайда арты үлкен өкінішке әкелуі мүмкін. Кеше істеген ісіңнің бүгін жауабын алған дұрыс. Өйткені, шаң мен тозаңдай жақсылығыңнан да, жамандығыңнан да сұраласың.