
ТЕГІН ҮЙ (Болған оқиға)
Басы ауырмайтын адам жоқ. 1987 жылы менің басым ауырды, жағым, тісім бәрі қосылып, түнгі ұйқы арман болды. Басыңды қайда тіресең де қоймайды-ау, қоймайды. Анальгин деген көкем болды. Жолдасым Әмірхан аптеканы тіреп тұр, меңгеруші. Анальгин десем, 10 штугін бір-ақ әкеледі. Ішіп алсаң жаның жай табады, бірақ...