Әкелік атқа лайық болсақ
Күн жексенбі... Қала тіршілігіне әбден бейімделіп алған Келімбетовтер шаңырағы бұл күні тұяқ серпіместен сағат он-он бірлерге дейін ұйықтауды әдетке айналдырған. Қалың ұйқыда жатқан отағасы Дәуренді терезеден шақшия түскен күн сәулесі оятты. Басын көтеріп, жан-жағына қараса, үй ішіне меңіреу тыныштық...