Қызылордалық оқушы асқабақтан сабын жасады

Қызылордадағы Әли Муслимов атындағы №101 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Айша Тұрмахан кезекті байқау барысында өз жұмысын таныстырған. Және ол 2-7 сынып оқушылары арасында облыстық "Зерде" зерттеу жобалары байқауында бірінші орынды иеленді.
Айша жетекшісі Мөлдір Жандосқызымен бірге қазылар алқасына бет маскасының екі түрін – шикі және қайнатылған асқабақтан және асқабақ қосылған сабынның үш түрін (біріншісі — әр түрлі майлары бар экосабын, екіншісі — желатин қосылған және үшіншісі – сұйық) таныстырды.
Өздеріңіз білетіндей, асқабақтың құрамында көптеген дәрумендер, минералдар, қышқылдар және басқа микроэлементтер бар. Осы қасиеттердің арқасында асқабақ маскалары терінің сұлулығы мен жастығын сақтауға көмектеседі.
