
ЖИҺАЗ ӨНДІРІСІНДЕГІ ЖАҢА ЕСІМ
Адам жүрегінде бір тылсым күш болады. Ол – талпыныс. Сол талпыныс дұрыс бағыт алса, жай ғана ой – өмірге, арман – іске айналады. Аралдың тумасы, қос ұлдың анасы, нәзік жанды бола тұра ерекше кәсіп иесі Алтынай Сүйінтаеваның бүгінгі табысы да дәл осындай жүрек қалауынан, шынайы еңбектен бастау алған...














