Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ МӘҢГІЛІК БОЛСЫН

ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ МӘҢГІЛІК БОЛСЫН

Міне, Қазақстан Республикасын дербесмемлекет ретінде танитын Тәуелсіздік күніне де жеттік. Ғасырлар бойы армандап жеткен еліміздіңегеменді болуы бір жағынан баршамызды шексізқуанышқа бөлесе, екіншіден осы отыз бес жылішінде басып өткен жолымызға көз жүгіртіп, өркениет көшіне ілесе алдықпа, озық мемлекеттерқатарына қашан қосыламыз деген ой туады.Егемендігімізді пайдаланып біз әділетті қоғаммен тиімді мемлекет құрып тұрғындардыңтұрмысын жақсарта алдықпа, бүгінгіжағдайымызға қанағаттануға болама, қай салада тығырыққа тіреліп, халқымыздың еңсесі түсірілді. Ал егер кемшіліктер кетсе оған кім кінәлі – мемлекет тізгінін қолына алған республика басшыларыма, болмаса кінә халқымыздың өзіненбе? Кейде оған кім жауапты, әділетті бағаны кімненкүтеміз? Осындай көпшілікті ойландыратын сұрақтарғаенерал-майор, профессор, ардагер жерлесімізСағындық (Сәкен) Журсимбаев жауап ретінде өзкітабында біршама мәселе бойынша ойын ашықжазып, оны оқырмандарға ұсынып отыр.
Кітап «Казахстан: тернистый путь к независимости» деген атпен шілде айында жарықкөрген.
Ол қаладағы Т.Г.Шевченко атындағы №13 мектебінің түлегі, өз ана тілін жақсы білсе де жоғары билікте біршама лауазымдыларшалақазақтар екенін және көп қалалық жастар да оқысын деген оймен мемлекетаралық тілде ойынортаға салған. Қазіргі таңда өз қаражатыңа кітапшығару қиын екені белгілі. Сондықтан елімізгежаны ашитын жерлестерге ой тастау үшін біздіңаудандық орталық кітапханаға бес данасынтапсырған.
Көрнекті жазушы Ғ.Мүсірепов «Кітап дегеніміз– алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті, кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлауданда тыйылар едік» деген екен. Сол айтқандайкітапты оқи отырып мемлекетіміздің алдында әлікөп қиындықтар тұрғаны ойға оралады. Автор өзкітабында қазақ жерлерінің Ресей империясыныңқұрамына кіруінің және қазақ халқының кеңесдәуіріндегі өмірінің қысқаша тарихын талдауданбастап, кешегі Кеңес Одағының қалай ыдырағанын, Қазақстанның тәуелсіздік қалай алғанынхронологиялық жолдармен сипаттаған. Шығарманың негізгі лейтмотиві – парламенттікреспубликаның суперпрезиденттік басқаруформасына көшу процесі. Мәтінде басқарунысанын трансформациялаудың салдарынан елдіңәлеуметтік-экономикалық даму динамикасына керіәсері туралы өз ойын ашық жазған. Бүгінгі таңдаөзекті тіл мәселесін де қозғап, оны шешудедемографияның зор үлесі бар екенін көрсеткен. Өзітәжрибелі заңгер болғандықтан, конституциядағыкеткен кемшіліктер мен құқық қорғау және сот органдарының қызметіндегі олқылықтарға да көңілбөлген. Соңғы жылдары өзекті мәселе – сыбайласжемқорлыққа қарсы күрес жүру барысы жәнезаңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтарубағытында қабылданған заңдардың кемшілігіндәлелдеген.
Ол елімізде болып жатқан кемшіліктер туралы – Ата заңымыздың осал жерлерін, Сайлау заңынжетілдіру жағын, тіпті Отан қорғау мерекесін 7 мамырға белгіленгенін сынап, өз ұсыныстарынжазған. Оның сын мақалалары бірнеше жылданбері «Дат-Общественная позиция», «Новая газета-Казахстан» газеттерінде және «zakon.kz» сайттарында жарияланған. Ол республикалықбасылымдарда «Закон «О договорняках принят. Спецоперации дан старт»; «Эпоха всеобщего лицемерия и тотальной коррупции»; «А кто же вычистит «авгиевы конюшни» страны?» дегентақырыппен өз ұстанымын мақалаларыменбаяндаған. 
Соңғы жемқорларға қарсы қабылданған заңныңосал жерлерін де көрсеткен. Өкінішке орай енді Бас прокуратураның заңсыз активтерді қайтаружөніндегі Комитетін Инвесторлардың құқықтарынқорғау комитеті деп өзгерту көзделіп автордыңсыны дәлелденіп отыр.
«Ескі Қазақстан» кезінде қарызға белшесіненбатқанымызды, оған бюджеттен жыл сайын қаншапайыз төлейтінімізді жазып, қазба-байлықтарының«ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кеткенітуралы ашық жазған.
Енді не істеу керек, қандай негізгі заңдардыөзгерту кажет, әділ сайлау қалай өту керек екеніндәлелдеп, өз ұсынысында көрсеткен.
Ол өз ойларын баяндай келе көне грек  мифологиясындағы жазылған қайсарлығымен, ерлігімен және қабілеттілігемен Элида патшасыАвгийдің өмірі тазаланбаған мал қорасын бір күндетазалап берген Гераклдей тұлғаның келешекхалқымызға қажеттілігін жазып, қазіргі таңда оғанөте мұқтаж екенімізді қорытындылаған. 
Осы публистикалық еңбегінде ол ешкімді «Тек менің ұстанымым дұрыс» деп үгіттеуден аулақ. Бірақ үнсіздік пен жағымпаздық әділетсіздіккесаналы түрде қатысу деп есептеп, жерлестерінойландыратындай өз пікірлерімен бөліскен.
Оқырмандарға таныстыра кетейін, Сәкенжолдасым менімен Германияда үш жыл әскерде, взвод командирының орынбасары – аға сержант болған. Сосын КазГУ-дың заң факультіне түскенеді. Бірақ анасы ауыр науқас болған соң сырттайоқуға ауысып, Аралда жұмыс істеді. 
Прокуратура қызметін Ақтөбе облысынанбастап, жақсы қызметімен көрінген соң 1973 жылыАлматыға шақырылған. Содан бері облыстық судья, Алматы қаласы прокурорының біріншіорынбасары, облысаралық транспорт прокуроры, Ішкі істер Министрінің, Бас Прокурордыңорынбасары болған. Жоғарғы Кенес депутаты, Комитет төрағысы кезінде биліктің әділетсізшешімдеріне қарсы шыққандықтан қызметсізқалған күндері де болған. 
Аралдың ыссы топырағы мен аптап желіменшыңдалған жолдасым қиындыққа мойымай зейнетжасында докторлық диссертация қорғап, ВАК-тыңпрофессорлық дипломына ие болды. ҚазірЖоғарғы оқу орындарында абыройлы қызметатқаруда. Бірнеше оқулық, монография және 200 ден аса ғылыми мақаланың авторы.  

Аманжол ЖОЛМАҒАМБЕТОВ,
КСРО және ҚР-ның халық ағарту ісінің озыққызметкері
07 желтоқсан 2025 ж. 226 0