Бүгін егемендік алған ерекше күн

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан талай белесті бағындырды. Экономикамыз өсіп, мәдениетіміз жаңғырып, халқымыздың өмір сүру деңгейі жақсарды. Біздің еліміз бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символына айналды. Мұның бәрі бірлік пен қажырлы еңбектің арқасы.
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін ерекше қуаныштың, мақтаныштың және болашаққа деген сенімнің күні. Осы ұлы мерекеде әр отбасына амандық, бақыт және молшылық тілеймін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Елдігімізді нығайтып, келер ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайық! Тәуелсіздіктің туы әрдайым биік желбірей берсін!
Қуатты Қазақстанымыздың мерейі үстем, мәртебесі асқақ болсын!
Г. САҚТАПОВА