Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Арал аудандық сотында азамат Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігінде, ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, электрлі, лақтырылатын, оқсыз атылатын қаруды, белгі беру қаруын, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау әрекеттері үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Т. ішкi iстер органдарында тiркелмеген қос ауызды тегiс ұңғылы аңшы қаруын заңсыз сақтаған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Т. аталған баппен кінәлі деп танылып, аңшы мылтығы тәркілене отырып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты

Сурет: vko.sud.kz
---
07 қазан 2024 ж. 115 0