РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ! Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Бұл жайлы ардақты Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!): «Ораза – тәннің зекеті», - деген (Ибн Мәжәһ жеткізген). Оразаның адам денсаулығына ұшан-теңіз пайда беретіні жайлы көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Ораза құлшылығы – негізі, таңсәріден күн батқанға дейінгі аралықта ішіп-жеуден және жұбайлық жақындықтан бас тарту арқылы көрініс беретін ғибадат. Алайда ораза бұнымен ғана шектелмейді. Оразаның кәмілдігі сонымен қатар көз бен құлаққа, қол мен аяққа да, тіпті сезім мен ойға да белгілі шектеулер қою арқылы толыға түседі. Яғни ораза дегеніміз – Раббымыз разы болмайтын барша істерден тыйылып, жамандық атаулыдан аулақ кету арқылы жүзеге асатын құлшылық. Мына хадистер оразаның мақсаты мен мәнін аша түседі: «Ораза ұстаушыға оның оразасынан аштықтан басқа еш нәрсе тимей қалуы мүмкін»(Ибн Мәжаһ жеткізген) немесе «Өтірік айтуын және өтірікке сай амал етуін тоқтатпаған адамның ішіп-жеуді тастағаны Аллаға керек емес» (Бұхари жеткізген)...
Құрметті мұсылман қауым!
Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды шынайы ықыласпен Ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың Раййан есігінен кіруімізді нәсіп еткей!
Қасиетті Рамазан құтты болсын!
Қайырхан ҚАБЫЛҒАЗИЕВ,
«Арал аудандық орталық» мешітнің бас имамы
Сурет: ашық дереккөзден алынды