Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Месут Өзіл 219 балаға қайырымдылық жасады

Месут Өзіл 219 балаға қайырымдылық жасады

“Арсенал” жартылай қорғаушысы Месут Өзіл әлемдегі отаға мұқтаж балаларға жасаған қайырымдылығы туралы айтты. Бұл туралы 31 жастағы футболшы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады деп хабарлайды massaget.kz.
"219 балаға ота жасалды. Бірақ, алда әлі атқарылар істер көп. Жұбайым екеуміз шілде айында өткен тойымызда әлемдегі отаға зәру мың баланың шығынына ақша бөлеміз деп келіскенбіз. Қайырымдылық жасаудан шет қалмай ақшаларын аямаған тойдағы қонақтар, жанкүйерлер, бұл жобаға материалдық көмек берген барлық адамдарға және ота жасаған дәрігерлер тобына алғысымды білдіремін. Бұл әлі бастамасы, 2020 жылы да осындай мұқтаж балақайларға көмек қолын созамыз”, - деп жазған  Месут Озил.



26 желтоқсан 2019 ж. 914 0