20 жастағы егіздер ата-анасының ипотекасын жауып берудің амалын тапты
Ұлыбританияда 20 жастағы егіз жігіттер компьютерлік ойындар жасаудан түскен қаражатқа ата-анасының ипотекалық қарызын жауып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап.
Англиялық Бен және Мэттью Хортондар 13 жасынан бастап өз бетінше ақша тауып үйренген. Олар ең бірінші Roblox платформасы арқылы компьютерлік ойын құрастырып, бірінші табыстарын осылайша тапқан. Сөздерінше, алғашқы ақшаларын балалар тәтті кәмпиттерге жұмсаған.
Десек те балаларының банктегі шоттарында ақшасы барын білген олардың ата-аналары бұған күдікпен қараған. Алғашында олар жасөспірімдер есірткі сатып жүр деп ойлаған.
Екеуі де мектепті 16 жасында тастап, біржола ойын құрастыруға бет бұрған. Бұл уақытта олардың әрқайсысының табысы айына 100 мың фунт стерлингті (шамамен 57 миллион теңге) құрапты. Айта кетейік, Мэтью ойын кейіпкерлерінің видеолық бет-мүсіндеріне көңіл бөлсе, ал Бен ойынның құрылымдық жағымен айналысыпты.
Ойын құрастырудан түскен ақшаға олар ата-анасының ипотекасын жауып берген. Қазір олар АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына көшуді жоспарлапты.
Бүгінгі күні егіздер Roblox платформасы арқылы 21ойын жасап шығарға, Атйуларынша, әсіресе пандемия кезінде олардың өнімдерінің танымалдылығы 30-40%-ға артқан.