Жапонияда жаңа құс тұмауы шықты
Қауіпті инфекция елдің оңтүстігіндегі Миядзаки префектурасында тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, індетке байланысты қазірдің өзінде 150 құс жойылған. Тұмау шыққан қожалықтың айналасында 3 шақырымдық аумақта карантин енгізілді. Бұл аймақтағы құстар мен жұмыртқаларды тасымалдауға болмайды. Айта кетейік, бұл аталған өңірде тіркелген тоғызыншы жағдай. Негізі құс тұмауы Жапонияның 13 префектурасында анықталған. Осы инфекцияның кесірінен соңғы айларда 4 жарым миллион тауық жойылған.
24.kz