«Hyundai» соңғы үш жыл көлемінде шығарған көліктерін кері қайтармақшы

«Hyundai» көліктерінің басқару жүйесінде электронды блогынан ақау шыққан. Мамандар бұл келеңсіздік тоқтың тұйықталуына әкеліп, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін деген қорытынды жасаған.
Кері қайтару 16 наурызда басталмақ. Компания 2015 жылдың 12 мамырынан 2018 жылдың 14 желтоқсаны аралығында жасалған Tucson моделін кері алдырмақшы.
aikyn.kz