"Газ бен тежегішті шатастырған": Алматыда көлік тізгіндеген қыз жол реттеушіні қағып кетті
Hyundai маркалы көлікпен келе жатқан қыз Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында жол реттеушіні қағып кеткен. куәгерлердің сөзінше, көлік Өтеген батыр көшесімен солтүстік бағытта қозғалып бара жатыпты. Жол реттеуші қиылысты қозғалысты тоқтатып, жол қозғалысының өзге де қатысушыларын өткізіп жібермек болған. «Hyundai көлігін тізгіндеген қыз газ бен тежегішті шатастырып алған. Осылайша, жол реттеушіні қатты жылдамдықпен қағып кетті», - дейді куәгерлер.
Ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.