Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бойжеткен марқұм болып кеткен жігітінен жүкті болмақ

Бойжеткен марқұм болып кеткен жігітінен жүкті болмақ

Аустралияда Айла Крессуэлге қатысты сот процесі аяқталып, оған өзіне қол жұмсап өлген жігітінің ұрығын қолдану арқылы жасанды жолмен жүкті болуға рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz.


Сот төрағасы Браунның сөзінше, ол Крессуэл дүниеге әкелетін баланың «махаббатпен, қамқорлықпен әрі қолдаумен» өсетініне сенімді.
Соттың мұндай оң шешіміне қол жеткізу үшін, бойжеткенге бұрынғы жігіті Джошуаның балалы болғысы келгенін және жалғыз өзі баланы тәрбиелеуге психологиялық, физикалық және қаржылық тұрғыдан дайын екенін дәлелдеу керек болған.
Айта кетсек, бойжеткен 2016 жылы 23 тамызда жігітін өлі күйінде тауып алған. Олар 3 жыл шамасында кездесіп жүрген және боолашақта шаңырақ көтеріп, балалы болуды жоспарлаған.
Жас жігіт қайтыс болғаннан кейін бойжеткен оның ата-анасына Джошуаның көзі тірісінде жүкті болып үлгермегенін айтып, шағымданған екен. Сол кезде олар алдағы 24 сағат ішінде Джошуаның аталық ұрығын алу туралы соттың шұғыл шешімін талап етіп, биологиялық материалды ЭКО-ға арналған клиникада сақтауды ұйғарған.
Stan.kz
21 маусым 2018 ж. 1 524 0