Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемеде болған жарылыстан Үнді мұхиты экологиялық апат алдында тұр

Кемеде болған жарылыстан Үнді мұхиты экологиялық апат алдында тұр

Шри-Ланка жағалауында 25 тонна азот қышқылы тиелген кеменің суға кетуі салдарынан Үнді мұхиты экологиялық апаттың алдында тұр, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ВВС"-ге сілтеме жасап.


Екі аптадан бері өртін сөндіре алмаған кеме мұхитқа батып барады. Құтқарушыларға теңіз толқынының қатты болуы мен жел кедергі келтірген. Шри-Ланка Әскери-теңіз күштері өкілінің айтуынша, құтқарушылар теңіз ластануын азайту үшін кемені теңіздің ең терең жеріне апаруға тырысуда.

Эколог Аджанта Перера басылымға егер кеме суға батып кетсе, бұл "экологиялық қасіретке" айналатынын айтты. Ғалымның айтуынша, кемеде қауіпті жүктер, соның ішінде азот қышқылы, сондай-ақ жанармай бар. Егер кеме суға бататын болса, теңіздің экологиялық жағдайы нашарлайды.

Кемедегі өрт 20 мамырда басталды. Содан кейін барлық 25 экипаж мүшелері кемеден эвакуацияланды. Олардың арасында Филиппин, Қытай, Үндістан және Ресей азаматтары бар. 25 мамырда кемеде қатты жарылыс болды, соның салдарынан жанармай төгілді. Өрт тек осы аптада ауыздықталды.
03 маусым 2021 ж. 655 0