Жапонияда аптап ыстық салдарынан 8122 адам ауруханаға түсті
Жапонияда аптап ыстыққа байланысты бір аптада 8 мыңнан аса адам ауруханаға түсті.
24.kz-тің мәліметіне қарағанда, Олимпиада ойындары өтіп жатқан елде ауа райының қолайсыздығынан 23 тұрғын көз жұмған. Емханаға жеткізіліп жатқандардың дені – жасы 60-тан асқандар.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар ақша үнемдеу үшін үйде кондиционерлерді көп қолданбауы мүмкін. Немесе бақшада ұзақ жұмыс істеген. Мамандар тұрғындарға мұндайда бас киім киіп, суды көп ішуге кеңес береді. Сондай-ақ мүмкіндігінше сыртта ұзақ жүрмеген дұрыс дейді.
Айта кеткен жөн, Жапонияда жылдың ең ыстық мезгілі – шілде мен тамыз айлары. Бүгін елдің бірқатар өңірінде ауа температурасы 30 градустан асып кеткен.
baq.kz