Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония төтенше жағдай режимін ұзартты

Жапония төтенше жағдай режимін ұзартты

Жапония Үкіметі Covid-19 салдарынан Токиодағы төтенше жағдай режимін 12 қыркүйекке дейін ұзартуға шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz ABC news-ке сілтеме жасап.

Жапония Үкіметі Covid-19 салдарынан Токиодағы төтенше жағдай режимін 12 қыркүйекке дейін ұзартуға, сондай-ақ шектеулерді тағы бірнеше префектураларға кеңейтуге шешім қабылдады. 
Төтенше жағдай режимі Токио, Осака, Окинава және тағы үш аймақта жалғасады, сонымен қатар Киото, Хёго және Фукуокаға таралады. Бастапқыда төтенше жағдай режимі тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарланған.
«Инфекцияның көбеюі рекордтық шыңға жетіп отыр», деді жапон Премьер-Министрі.

egemen.kz
19 тамыз 2021 ж. 739 0