Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәліптер Ауғанстаннан доллар тасымалдауға шектеу қойды

Тәліптер Ауғанстаннан доллар тасымалдауға шектеу қойды

Тәліптер Ауғанстаннан доллар мен антиквариат экспорттауға тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Бұл туралы Забихулла Мужахид қозғалысының ресми өкілі Twitter-де хабарлады.
Забихулла Муджахид "құрлықпен де, әуе арқылы да" валютаның экспортына тыйым салынғанын атап өтті. Құқық бұзғандардың заттары тәркіленеді. 
"Біз барлық азаматтарға доллар мен антиквараттарды құрлық немесе әуе жолы арқылы заңсыз алып өтуге, елден алып кетуге  қатаң тыйым салынғанын хабарлаймыз. Егер заңға қарсы шығатындардар табылса, бірден тәркіленеді. Ал тасымалдаушылар заңға сәйкес жазаланады", – деп мәлімдеді ол. 
Бұған дейін Goldman Sachs Asset Management компаниясының бұрынғы төрағасы және Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі Джим О'Нил Ауғанстанда билікті Талибан қозғалысының басып алуы АҚШ долларының құлдырауына қауіп төндіруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Бұл арада "жағдайды бақылауды" көздейтін Дүниежүзілік банк те Ауғанстанға транш беруден бас тартты.
Бірнеше күн бұрын Халықаралық валюта қоры елдегі саяси жағдайға байланысты Ауғанстанның ХВҚ ресурстарына қол жеткізуін тоқтатты.

25 тамыз 2021 ж. 597 0