Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстан қазақтарының елге оралу сәтінің видеосы жарияланды

Ауғанстан қазақтарының елге оралу сәтінің видеосы жарияланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанда тұратын қандастар елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілгенін хабарлаған болатын.

Қандастар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елге эвакуацияланды. Президент дипломаттарымызға және игі істі ұйымдастыруға атсалысқан барлық ведомство қызметкерлеріне алғыс айтты.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсыру рәсімінде Ауғанстандағы қазақ диаспорасын елге қайтару мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.

10 қыркүйек 2021 ж. 449 0