Британияда оқушылар маска тағып жүруі тиіс болды
Оқушылар бетперде киіп жүруге тиіс. Англия карантиндік шараларды қайта қолға алды. Жалпы Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көп. Қарапайым халық тұрмақ медицина қызметкерлерінің өздері ауруға шалдығып жатыр.
Ғалымжан Қараманұлы, тілші:
- Ұлыбританияда католиктер тойлайтын Рождество мерекелерінен кейін каникулдағы балалар партаға қайта отырды. Бірақ бұл жолы барлығы да бетперде тағулары керек. Бүгінге дейін Біріккен Корольдік құрамына кіретін Англияда ғана мектептерде маска тағу міндеттелмейтін. Оқу орындары карантинге жабылмауы үшін және бітіру емтихандарының өтпей қалу қаупі бар болғандықтан билік осындай қадамға барып отыр. Сонымен қатар оқушылардың барлығына ата-анасының рұқсатымен мектеп ғимараты ішінде ПТР тест тапсыруға кеңес берілді. Одан бөлек үйден күніне екі рет COVID-19 антигенін анықтайтын тегін экспресс-тест тапсыру талабы тағы бар.
Кэйт Диксон, мектеп директоры:
- Өткен тоқсанда бізге қиын болды. Көп адам ковидпен ауырды. Оқушылардың шамамен үштен бірінде осы індет анықталды. Бірақ біз мектепті жапқан жоқпыз. Алдағы тоқсанда да солай істеуге тырысамыз. Желтоқсан айынан бері омикрон штамының жедел таралуына байланысты елдегі жағдай алаңдатып отыр. Соңғы тәулікте Ұлыбританияда 220 мыңға жуық адамның ковид жұқтырған. Індетке шалдыққандардың саны өткен жылы қыста өршіген Алфа штамы тіркелген уақытпен салыстырғанда үш есеге көп дейді мамандар.
Патрик Вэлланс, Ұлыбритания үкіметінің бас ғылыми кеңесшісі:
- Біз инфекция жұқтырудың шарықтау шегі қашан және қандай көлемде болатынын білмейміз. Егер бұған дейін ковид жағдайлары жастар арасында көбірек тіркелсе, қазір ол жас талғамай отыр. Егде жастағылар арасында науқастар саны артқан сайын ауруханаға түскендердің саны да көбейеді. Ұлттық денсаулық сақтау қызметіндегілерге жақын күндері салмақ түсетіндігін билік мойындап отыр. Өйткені науқастардан бөлек дәрігерлердің өздері коронавирус жұқтырып, мамандар жетіспей жатыр. Кейбір ауруханалар ота жасауды және науқастарды қабылдауды тоқтатындығын ескертті. Бұл Англия тарихындағы ең ірі ковид толқыны болғанына қарамастан биліктегілер елде әзірге карантин жариялауға асығар емес.
24.kz