Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда зәулім ғимарат өртенді

Үндістанда зәулім ғимарат өртенді

Үндістанның ең тығыз қоныстанған қалаларының бірі Мумбайда 20 қабатты ғимаратта өрт оранып, жеті адам қаза таупты. 20-ға жуық адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт Тардео ауданында орналасқан көпқабатты үйдің 18-ші қабатында таңертеңгі уақытта байқалған.

Аз уақыттың ішінде бүкіл ғимарат жалынға оранды.

Аймақ басшысы Кишори Педнекар өрттің шығуына кондиционердегі қысқа тұйықталу себеп болғанын айтты.

Тұрғындардың 90 пайызы ғимараттан өз күштерімен шығып үлгерген.
23 қаңтар 2022 ж. 840 0