Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ион теңізінде 237 жолаушысы бар кеме өртенді

Ион теңізінде 237 жолаушысы бар кеме өртенді

18 ақпан күні Ион теңізінде бортында 237 жолаушысы бар лайнерде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.

«Бортта 51 экипаж мүшесі де болған. Оқиға орнына үш патрульдік қайық пен жағалау күзетінің үш буксирі жіберілді», делінген жергілікті полиция қызметінің мәлімдемесінде.

Оқиға Грекияның Корфу аралының жағалауында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
18 ақпан 2022 ж. 619 0