Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде Facebook желісін бұғаттады

Ресейде Facebook желісін бұғаттады

Роскомнадзор 4 наурызда Ресей аумағында Facebook желісін бұғаттау жайлы шешім қабылдады. Мұндай шешім қабылдауға 2020 жылдың қазанынан бері ресейлік БАҚ-ты кемсітушілік дерегінің 26 рет тіркелуі себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Настоящее время басылымына сілтеме жасап. 

Facebook-қа иелік ететін Meta компаниясының вице-приезиденті Ник Клегг Ресей билігінің бұл шешіміне қатысты пікір білдіріп, жақын арада миллиондаған ресейліктің тексерілген және шынайы ақпарат көзінен ажыратылғанын түсінетінін мәлімдеді. 
"Біз өз сервисімізді қалпына келтіру үшін барлығын жасаймыз. Себебі қолданушылар өз ойларын білдіру үшін қолжетімді болуы керек", - деп жазды Ник Клегг.

25 ақпанда Роскомнадзор 25 ақпанда Facebook-тің кей аймақтарда бұғатталатынын айтқан. Ал кешке цензураға байланысты желі трафигінің төмендейтінін мәлімдеді. 
Келесі күні Facebook қауіпсіздік саясаты бөлімінің басшысы Натаниэль Глейхер әлеуметтік желіде Ресей БАҚ-тарына жарнама орналастыруға тыйым салынатынын хабарлады. 
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ елшілігінде Ресейге салынған санкциялардың Қазақстан әсері туралы айтқан еді
05 наурыз 2022 ж. 573 0